Облыс орталығындағы Достық үйінде «С праздником, Лешаки!» атты спектакльдің премьерасы болып өтті.
Қойылымда басты рөлдерді сомдаған әртістер – Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің театр бөлімінің студенттері. Михаил Каришнев-Лубоцкий ертегісінің желісі бойынша қойылған бұл спектакль режиссері татар этномәдени орталығы жастар қанатының белсендісі Андрей Каринцев. Көрермен қауым жас әртістердің өнеріне тәнті болып, сахнада қойылған танымдық туындының сюжетінен ерекше әсер алды.
Спектакль соңында қалалық татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Рафаиль Зұлқарнаев жастарға сәттілік тіледі. Ал, Достық үйі жетекшісінің орынбасары Манат Исмағұлов татар этномәдени бірлестігі жастар қанатының белсенділеріне зор ризашылығын білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.