Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ардагерлердің де айтары бар - АРҚА АЖАРЫ

Ардагерлердің де айтары бар

Облыстық ардагерлер кеңесінің есеп беру-сайлау конференциясы туралы хабар газетіміздің 27 ақпандағы №29 санында  «Аға ұрпақ ұлағаты» атты тақырыппен жарияланған болатын. Бүгін осы конференцияның қысқаша есебін  оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Өткен жылғы ардагерлер кеңесінің атқарған ауқымды ісінің бірі – ардагерлер кеңесінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған бірқатар шаралар легі. Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын жоғары деңгейде ұйымшылдықпен атап өту. 2016 жылғы 1 ақпандағы мәлімет бо-йынша облыста 162 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен 7729 тыл еңбеккерлері, 1350 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер тұрып жатыр. Жоғарыда айтылған шараларды жалпақ жұртқа ұлағат, өміршең өнеге есебінде өткізу барысында облыстық ардагерлер кеңесі қыруар іс тындырды. 176 мемориалдық нысандар жөндеуден өткізілді, 13 ескерткіш жаңадан ашылды, 608 мәрте қоғамдық акциялар ұйымдастырылды.
Кеңестің келелі бастамасымен «Естеліктер кітабы» шығарылды. Сөз арасында аумақтық өзгеріске орай біраз зерттеу жұмыстарының жүргізілгендігін айта кетуіміз керек. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған осы шара барысында атап айтарлықтай еңбек етілді.
Жат жердің топырағында қалған аталары мен әкелерінің қабірін ондаған адам іздеп барып тауып, мінажат етіп, аруақтарына құрмет көрсетіп қайтты. Майданда құрбан болғандардың артында қалған ұрпақтары Ресей, Польша, Венгрияда болып, майдан даласын аралап, із кесуде.
2014 жылы соғыс және еңбек ардагерлерінің әлеуметтік картасы жасалды. Жеңіс күні құрметіне орайластырылып аудандар мен қалаларда ардагерлер арасында шахмат, дойбы жұмыстарын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Егде адамдар мен мүгедектерді қолдау айлығы шеңберінде облыстық кеңестің бастамасымен облыс әкімінің шешімі қабылданды. Шешімге сәйкес зор көмек те көрсетілуде. Айталық, 2012 жылы қарттарға көмек көрсетуге 268,5 миллион теңге жиналса, есепті кезең ішінде 229 миллион теңге жиналып отыр. Мұның өзі кейінгі жас толқынның бойында ізгілік иірімдері мен қайырымдылық қағидалары берік орныққандығын көрсетсе керек. Ардагерлерге арналған қорға «Тыныс», «Көкшетау жылу», «Степногорск подшипник зауыты» акционерлік қоғамдарымен қатар, «Алтынтау Көкшетау», Ақкөл ауданындағы «Еңбек», Целиноград ауданындағы «Родина» Агрофирмасы», Есілдегі «Заречное», Шортандыдағы «Нива» және басқа да жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қомақты көмек көрсетті.
Облыс ардагерлері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы Жолдауын оқып танысып, қызу қолдау білдіруде. Өздері ғана біліп қоймай, жас толқынға насихаттауды да дәстүрге айналдырып отыр. Ардагерлердің саяси белсенділігі өте жоғары. Олар алдымыздағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың
сайлауына да білек сыбана араласпақ.
Ел жайы әр уақытта бейжай қалдырмайтын ардагерлер тарапынан кейбір азық-түлік түрлерінің және дәрі-дәрмектің, коммуналдық қызмет түрлерінің қымбаттауына орай өкпе-наз да айтылуда. Өйткені, зейнетақыға қосылған қосымша қолдарына тигенінше тауарлар бағасы қымбаттап кететіні де жасырын емес.
Конференция барысында ардагерлер үйінің құрылысы туралы мәселе көтерді және облыстық ардагерлер кеңесінің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі де әңгіме өзегіне айналды. Сондай-ақ, облыс аумағында арнайы демалыс орнын ашу айтарлықтай жеңілдік тудырар еді. Әйтпесе, кейбір қариялар жолдаманы екі-үш жылдап тосуда.
Конференциядағы ұйымдық мәселелерді шешу, алдағы жұмыс барысын айқындау бағытында ардагерлер бекем бірлік таныта білді. Аға буынның осы бір
ауызбірлігі, ынтымағы кейінгі толқын үшін тәуір мысал.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар