Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Биыл да қауіп-қатер аз емес - АРҚА АЖАРЫ

Биыл да қауіп-қатер аз емес

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божконың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өткен конференцияда республика бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары пысықталып, алдағы міндеттер белгіленді.

 

Шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер, облыс әкімінің орынбасары Қадырхан Отаров, бірқатар министрліктердің жедел топ басшылары, облыстық департаменттер, басқармалар және ведомство басшыларының орынбасарлары қатысты.
Шарада су тасқынының алдын алу және гидротехникалық құрылғылардың жай-күйі, еріген қар суы мен жаңбыр суларын қауіпсіз аймаққа бұратын арналар мен арық жүйелерінің, сондай-ақ су қоймаларының сыйымдылығы, қардың мөлшері, жауапты қызметтердің дайындығы талқыланды. Алдымен республика бойынша көктемгі су тасқынын және селдің алдын алу бағытында қолға алынған жұмыстары туралы комитет төрағасы баяндап берді.
– Республика бойынша 2014 жылы 3 облыста су тасқыны орын алса, өткен жылы бұл жағдай алты облыста байқалды.  Сол себепті, әр облыста республикалық «Көктем – 2016» командалық-штабтық оқу-жаттығулары ұйымдастырылуда.  Әсіресе, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік, Шығыс Қазақстан  және Алматы облыстарында су тасу қаупі бар, – деді Владимир Беккер өз сөзінде.
 Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді. Оның айтуынша, облыс бойынша өткен жылдардағы орын алған су тасқындары деректерін саралай келе, Коко, Жабай, Сарықамыс, Талқара, Жыланды, Есіл, Қылшақты, Колутон, Шағалалы, Нұра, Қайрақты, Қызыл Су, Жолболды және Бақсұқ тәрізді 16 қауіпті өзен аумағы анықталып, бақылауға алынған. Қар тазалау және дайындық жұмыстары да ойдағыдай жүргізіліп жатқан көрінеді.
– Облыстың елді мекендерінен 667 мың текше метр қар шығарылды. Жалпы облыс аудандары мен қалаларындағы тасқын су алу қаупі бар кезең аралығында көмек көрсету үшін облыстың азаматтық қорғаныс қалыптасуларында 2174 адам, 504 бірлік техника, 188 бірлік су тартқыш техника және 42 бірлік жүзу құралы дайын тұр, – деп Қадырхан Отаров бұған қоса өзге қолға алынған шараларды тәптіштеп түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, жиын барысында онлайн көрсетілім арқылы баяндама жасаған Астана және Алматы қалалары мен еліміздің өзге облыстарының әкімдерінің бірінші орынбасарлары қырағылық танытып, күнделікті су деңгейін бақылауда ұстап отырғандығын жеткізді. Конференцияны қорытындылған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары суды, су қоймаларының жағдайын бақылауды, құзырлы мекемелердің өзара ықпалдаса жұмыс жүргізуін, байланыстың үзілмеуін қадағалауды үнемі назарда ұстауды тапсырды.

 

Аслан ОСПАНОВ

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко  облысқа жұмыс сапарының барысында «Новопэк» серіктестігінің кәсіпорнында болып, дайын өнімдердің көрмесімен және өндірістік учаскелердің жұмысымен танысты, ұжыммен кездесті. Онымен бірге облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров еріп жүрді.

 

Серіктестіктің бас директоры Рүстем Ғұсманов кәсіпорынның Еуропаның батыс елдері мен Тайванда жасалған қазіргі заманғы қондырғылармен жабдықталғанын, өндірістік технологиясы әлемдік соңғы стандарттар талабына жауап беретінін атап өтті. Бүгінгі таңда «КЭГОК-тан» тартылған  электр желісі кәсіпорынды үзіліссіз электр қуатымен қамтамасыз етуде. Фабрика полипропиленнен және полиэтиленнен жасалған сыйымдылығы 5 келіден 2 тоннаға дейінгі қаптар, «Биг-Бег» жұмсақ контейнерлерін өндіреді. Бұл өнімдерді төтенше жағдайлар туындағанда азық-түлік қоры мен инерттік материалдарды тасымалдау үшін пайдалануға да болады. Қаптардың сапасы арнайы сертификатқа сәйкес келеді.
Серіктестіктің коммерция жөніндегі директоры Айдар Жақыпов өз сөзінде өнім көлемінің тез өсуі мұнай-химиялық кешен кәсіпорындары мен ұн өнеркәсібі тапсырыстарының тығыз өсуімен байланысты екенін айтты. Өндірістік қуатты арттыру мақсатында бұдан бес жыл бұрын полиэтилен мен полипропиленнен жасалған қап өндіретін екінші желі іске қосылған. 2013 жылы кәсіпорын Индустрияландыру картасы аясында «жылына 1,5 миллион «Биг-Бег» өндірісін жаңғырту» жобасын жүзеге асырды. Түркиядан арнайы қондырғы сатып алынды. Бұл өндірісті автоматтандырып, қуатын арттыруға мүмкіндік берген. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде өңірлік үйлестіру кеңесі фабриканың 5 өтінімін мақұлдап, полипропилен қаптарының өндірісі үшін қондырғылар сатып алыпты. Қазір  кәсіпорын айына 10 миллион дана қап пен 100 мың Биг-Бег шығарады.
Кәсіпорын көп жұмыс күшін қажет етеді. Осы орайда, 320 орындық жатақхана салынуда. Бұл жоба биыл жүзеге асса, жыл соңына дейін еңбеккерлер саны бір мыңға жетеді. Фабрикадағы еңбеккерлердің 70 пайызы әйелдер. Мұнда ылғалдан сақтайтын қаптар да жасалады. Өндірілетін өнімнің 38 пайызы экспортқа шығарылады. Бұл бағытта Иран компанияларымен де келісім-шартқа отырған. Министрдің орынбасары Владимир Божко шетелдермен сауда жасағанда сақ болуды тапсырды. Төтенше жағдайға қажетті қаптарға тапсырыс берді.

Суретте: «Новопэк» серіктестігінде көктемгі су тасқыны кезінде пай-даланатын қаптардың үлгілерімен танысу сәті.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

 Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар