Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел таңдауы – халық билігі! - АРҚА АЖАРЫ

Ел таңдауы – халық билігі!

ЖСДП-ның дағдарысқа қарсы сайлауалды  бағдарламасы

 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Қазақстандағы бірден-бір оппозиция ретіндегі өзіміздің бүкіл тәжірибемізді халықаралық социал-демократия идеясының үздік жетістіктерін біріктіре отырып, бұл міндеттерді іске асыру үшін мақсатқа сәйкес, әділдік және қоғамдық игілік принциптеріне негізделген мынадай шаралар кешенін ұсынады.
Әлеуметтік салада: Ең төменгі күнкөріс деңгейін кем дегенде екі есе ұлғайту, соған сәйкес еңбекақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейту, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы жинақтарын ішінара қайта есептеу;  Табыс салығының озық бағанына ауысу, яғни, байлар барлық дамыған елдердегідей белгілі бір сомадан тыс тапқан табыстарының 50-60 пайызын қазынаға құюы тиіс. Бұл үшін, атап айтқанда, шенеуніктер мен олардың туыстарының Қазақстандағы және шетелдегі меншігін «көлеңкеден» шығару, олардың қанша шығындап жатқаны жөнінде қатаң есеп беруін белгілеу қажет; Заманауи қолжетімді тұрғын үй-жайдың толассыз құрылысын қамтамасыз ету (атап айтқанда, құрылыс индустриясын бүкіл экономиканың дамуының серпіні ретінде пайдаланып), соның ішінде тозығы жеткен үйлердің орнына жаңа үйлер салу; табысы аз және жас отбасыларға жеңілдіктерді кеңінен енгізу; Табиғи монополистердің – коммуналдық қызметпен қамтамасыз етушілердің тарифтерінің негізділігін айқындау мақсатымен олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету; Ең үздік әлемдік стандарттарға бағдарланған Мемлекеттік денсаулық сақтау стандартын енгізу, оның аясында ақысыз медициналық қызметтердің ауқымын кеңейту және медициналық жәрдемнің күрделі түрлерінің бағасын халыққа қолжетімді ету; Мемлекеттік орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білім берудің бүкіл жүйесін халық үшін тегін болуын қамтамасыз ету; «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың» ресми есебін жүргізіп, олардың қалауы бойынша қайта оқыту мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру, жұмыссыздардың тіршілігі үшін жеткілікті жәрдемақы төлеу; Қызметкердің еңбекақысы мен еңбек көлемін белгілеу, еңбек даулары мен жанжалдарды шешу кезіндегі кәсіподақтардың құқықтарын кеңейту, кәсіподақ белсенділерінің қызметін заң жүзінде қорғау; Оралмандардың елге келуіне қойылатын талаптарды барынша қысқарту, оларға әлеуметтік қолдау көрсету және бейімделуіне жан-жақты жағдай жасау.
Экономика саласында: Бес жылдық нақты ұлттық инвестициялық-несиелік жоспарға ауысу, оның негізіне өндірілетін шикізатты жоғары технологиялардың көмегімен өңдейтін, импорттық өнімдерді алмастыратын өнеркәсіп, тұтынушылық және азық-түлік өнімдері, қолжетерлік үй-жайды жаппай салатын өндірістің тігінен интеграцияланған тізбектері кіреді. Мемлекеттік тікелей инвестициялармен қатар, бұл Жоспардағы басымдықта экономикалық және әлеуметтік бағыттарды 3-5 пайыздан аспайтын мөлшерлемемен нысаналы несиенің көзделуі, сондай-ақ онда несие және салық жеңілдіктерінің тиімді жүйесі де қамтылуы тиіс; Ұлттық банкке даму міндеттерінен келіп шығатын нысаналы инвестициялық және несиелік эмиссияны жүзеге асыру міндетін жүктеу; Еліміздің валюта резервтерін ақылға сыймайтын шетелдік құнды қағаздарға салып, жинауды доғарып, оны жеделдетілген индустриалдық-инновациялық дамуға қосу; Экспорттаушы кәсіпорындардың қызметінің ашықтығын, оларға салық салудың әділдігін, сыртқы мәмілелердің ел аумағында тіркелуін қамтамасыз ету, пайданы Қазақстан ішінде қайта инвестициялауға ынталандыру керек. Бұл бюджетті толтыру, ұлттық инвестиция-
лау мен кредиттеу, теңгенің болжауға болатын бағамын ұстау мақсатында жасалады; Жаппай жекешелендіруді тоқтату, заңнамаға сәйкес стратегиялық маңызы бар өндіруші салаларды және жүйе құрушы кәсіпорындарды мемлекет меншігіне алу; Инновациялар мен ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнесті 5 жыл мерзімге салық төлеуден босату; рұқсат беруші және бақылаушы мемлекеттік ұйымдардың санын, олардың араласуына жол беретін себептерді күрт қысқарту; шағын және орта бизнесті қолжетімді түрде кредиттеуді қамтамасыз етіп, оның маңыздылығы мен технологиялық сипатына қарай жеңілдетілген несиені көбейту; Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншікті жою, бұл ауыл шаруашылығына қажет жерлерді айналымнан шығаруға тоқтау салып, стратегиялық ұлттық мүддені қамтамасыз ету мақсаты үшін жасалады; Ауылдың ниет білдірген әр тұрғынына нысаналы пайдалану үшін ауыл шаруашылығы жер телімін, ал қала тұрғындарына – қала маңындағы аймақта тұрғын үй салу және бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер телімдерін ақысыз әрі мерзімсіз беру; Мемлекеттің заманауи инновациялық аграрлық-тауарлы шаруашылықтарды құру; халықты аса маңызды азық-түлік өнімдерімен толығымен қамтамасыз ету үшін тұрақты мемлекеттік тапсырысты енгізу; Ауылдарды сумен, энергиямен және жылумен қамтамасыз етудің жаңа жүйелерін құру, мектеп, аурухана, жол, мәдениет объектілерінің құрылысын салу және ескілерін модернизациялау; ауылды өмір сүруге лайықты және құндылықтардың ошағы ретінде қайта өркендету.
Саясат саласында: Азаматтардың саяси құқықтарының толықтығын қамтамасыз ету, бұл сөз бостандығы, азаматтардың жиналуына, бірігуіне және әділ сайлау құқығын береді; Билік тармақтарының іс жүзіндегі бөлінісін қамтамасыз ету, үкіметті жасақтауда демократиялық жолмен сайланатын парламентке дербес өкілеттік беру; Жергілікті (қала, кент, ауыл) өзін-өзі басқарудың сайланбалы жүйесін құру, ол жергілікті мәселелерді шешуде барлық өкілеттікке ие болады және өз бюджетін жергілікті салықтардан алады, сол сияқты белгіленген жалпыұлттық салық түсімдері номенклатурасының есебінен қалыптастырады; Соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету; Жоғары құқықтық, тұрақтылық орнататын институт болып табылатын Конституциялық сотты қайтадан құру; Шенеуніктер аппаратын кем дегенде 2 есе қысқарту, соның ішінде бұл құқық органдарына да қатысты болу керек.
Сонымен қатар, ЖСДП еліміздің басқа да аса маңызды проблемаларын шешу жолдарын қарастырып анықтады. Бұл – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (соның ішінде шетелдердің ядролық және басқа да қауіпті қалдықтарын Қазақстан аумағына әкелуге және оны көмуге тыйым салуға қол жеткізу), қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде барынша дамыту, ұлттық бірегейлік мәселелерімен кешенді шұғылдану, ғылымды, мәдениетті, патриотизмді дамыту, ұлттың рухани дәстүрді және моральдық-ізгілік құндылықтарын өркендетуді мемлекет тарапынан ынталандыру.
Бүгінде Қазақстан не болады екен деп қол қусырып алақтап қарап  отырмай, қорқыныштан экономика мен әлеуметтік саланы «тарылтып» тастамай, қайта дағдарысқа жауап ретінде өндірісті кеңейтіп, тұтынуды көбейтіп, бүкіл ішкі экономикалық және адам ресурстарының мүмкіндігін пайдалана отырып дамуға серпін беру керек! Осылай жасауға болатынына Жалпыұлттық социал-демократиялық партия сенімді.
Біздің халқымыз авторитаризм тығырығына тіреліп адасудан бас тартып, бір адамның жекедара билігінің астарлы «мұрагерлігі» қатеріне мойынсұнбай тәуелсіз азаматтық сана-сезімі оянып, қазақстандықтардың еркі мен ой-пікіріне сүйенуге, әлемдік социал-демократияның бүкіл дүниежүзін өзгерткен «Еркіндік, Әділдік, Ынтымақтастық!» деген ұранымен қоғамды шын мәнінде біріктіруге болатынын сезінуі тиіс.
***
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Алматы қалалық филиалы бірінші болып сайлаушылармен кездесті. Филиал төрағасы, парламент депутаттығына үміткер Тазабек Сәмбетбай сайлаушыларды ЖСДП-ның дағдарысқа қарсы сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси өзекті мәселелерге тоқталды. Оның ойынша, елімізде қалыптасқан түйінді проблемаларды шешуге мүмкіндік бар. Ол ЖСДП-ның барлық сала бойынша жасаған бағдарламаларында нақты есептеумен көрсетілген. Тек оны жүзеге асыруға тиісті тетіктер жұмыс істемей жатыр.
***
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің қатарына 15 адамды қабылдады. Партияға өтуге ниет білдіргендердің дені жастар. Оларға партия мүшелігінің куәлігін ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай табыс етті. Ол жастарға саяси күресте біліктілік, табандылық пен төзімділік тіледі.
***
Алматыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізді. Партияның сайлауалды штабының жетекшісі Айдар Әлібаев баспасөз мәслихатына қатысушы БАҚ өкілдерін партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Олардың ішінде халықтың өмір сүру сапасын арттыру, шағын және орта бизнес саласына қатысты салық заңнамасын жетілдіру, қадағалаушы органдар санын азайту мәселелері бар.    
***
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауларына үміткерлер үгіт-насихат шараларын жүргізуге белсене кірісіп кетті. Үлкен саяси додаға түскен «алтылықтың», яғни,
6 партияның санатында Жалпыұлттық социал-демократиялық партия да бар.
Орталық сайлау комиссиясы партия тарапынан ұсынылған 23 үміткерді тіркеуден өткізіп, жеребеге сәйкес Жалпыұлттық социал-демократиялық партия сайлау бюллетенінде бесінші орында тұр.
Жалпыұлттық социал-демокртиялық партияның (ЖСДП) сайлауалды бағдарламасына сай алғашқы өткен Алматыдағы басқосуында жас буын өкілдері партия қатарына қабылданды.
Өз жақтастарымен емен-жарқын ашық әңгіме барысындағы өткен бұл шара еліміздегі оппозициялық партияның сайлауға құлшынысынан хабар бергендей. Алматы қалалық филиалының жетекшісі Тазабек Сәмбетбайдың алдағы қызу науқандағы ұйымның көздеген мақсаты туралы толғана сөйлеген сөзі де көпшіліктің көңіліне қонған секілді. Егер сайлауда үміткерлер жеңіске жете қалса, Парламенттің биік мінберінен партияның қоятын көкейкесті халықтық мәселелердің ауқымы баршылық. Осыған орай шешен партияның өз сайлаушыларына ұсынып отырған шаралар кешеніне кеңінен тоқталды. Ол негізінен алғанда әлеуметтік, экономикалық және саяси саланы қамтиды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар