Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Барлық құрмет – әйелдерге - АРҚА АЖАРЫ

Барлық құрмет – әйелдерге

Облыс әкімі Сергей Кулагин 8 Наурыз  – Халықаралық әйелдер күніне орай, «Көкшетау» мәдениет сарайында ақмолалық нәзік жандарды мерекелерімен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін  Алғыс хаттарымен марапаттады.

  Ұлт пен ұрпақтың бесігін тербетіп, тәрбиесін түзеген, тіліміз бен ділімізді санамызға сіңірген Ана деген құрметті атқа ие ардақты жандарға арналған  салтанатты жиын қоғам игілігін еселеп жүрген әйел атаулыларға арналған бейнефильмді тамашалаумен басталды. Әр салада еңбек ететін ер азаматтардың әйелдер қауымына жолдаған бейне құттықтауы да мерекенің шырайын аша түсті.
– «Әлемдегі әсемдік пен сұлулық  әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алған» деген даналық сөз бар. Расында, адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. Әйел қашан да тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы. Сондықтан да, асыл аналарымыз бен қарындастарымыздың орны ерекше. Бүгінгі күні әйел-аналардың алдында бас иеміз. Қазір облысымызда 8 мыңнан астам көпбалалы ана тұрып жатыр. Олардың 3 мыңнан астамы «Алтын алқа», 4 мыңнан астамы «Күміс алқа» иегерлері, – дей келе, облыс әкімі Сергей Кулагин барша әйелдер қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін арнады.
Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Алтын алқамен» марапатталған Целиноград ауданының тұрғыны, 7 баланың анасы Жанар Тайынбекова және «Күміс алқамен» марапатталған 6 баланың аналары, ақкөлдік Людмила Алексеева мен бурабайлық Жәния Нұрпейісоваға осы марапаттары тапсырылды. Облыста ер адамдармен қатар, саяси-қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, еліміздің дамуы үшін аянбай тер төгіп жүрген нәзік жанды арулардың саны  арта түсуде. Мәселен, түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының 50-ден астамы әйел. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің арасында басшылық лауазымында 20-ға жуық әйел абыроймен қызмет атқарып келеді. Сондай-ақ, облыстағы шағын және орта бизнестің алпыс пайызын әйелдер қауымы құрап отыр.
Шұғылалы көктемнің осы бір алғашқы мейрамында сахна төрінен шырқалған ән де, нәзік жандыларға ұсынылған гүлдер де, ізгі ниетті жылы лебіздер де әйел бейнесін, оның көркемдігі мен әсемдігін әспеттей түсті.

 

Аслан ОСПАНОВ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар