Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көпшіліктің көңілінен шықты - АРҚА АЖАРЫ

Көпшіліктің көңілінен шықты

Облыс әкімі Сергей Кулагин облыс орталығында өткен ауыл шаруашылығы  өнімдерінің жәрмеңкесін аралап көрді.

Жәрмеңкеге Көкшетау қаласы мен Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Шортанды аудандары өз өнімдерін шығарды. Тәуелсіздік және «Алтын ғасыр» сау-да үйі алаңдарына  80 шатыр тігіліп, 160 сауда орны жайғасыпты. Сондай-ақ, мұнда азық-түлік тағамдары тиелген 22 жүк көлігі қойылған. Өңір басшысы алдымен, Ақкөл ауданының сауда орындарын аралап көрді. Мұндағы сауда сөрелерінде ет, сүт және ұн өнімдері, қант, бал, картоп және көкөніс саудаланып жатты. Кеңес ауылдық округінің әкімі Төлеш Әбдірахманов өз сөзінде ірі қара, жылқы, қой және құс етін, айран, қаймақ, май, қымыз тәрізді сүт өнімдерін әкелгендерін  айтып берді. Бұланды ауданының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері де 18 миллион теңгеге бағаланған ет, сүт және ұн өнімдерін, картоп пен көкөніс саудалады. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Амангелді Камелинов бізбен әңгімесінде бір тоннасы 6 мың теңгеге бағаланған орама шөп, ұн, пияз, қызылша, зығырдың
майын, жем әкелгендерін айтты. Жәрмеңкеге «Журавлевка-1», «Новобратский», «Никольский» серіктестіктері, шаруа қожалықтары мен селолық округтің тұрғындары белсене атсалысыпты.
Шортанды ауданы әкімінің орынбасары
Ерлан  Мұхамединнің айтуынша, ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері азық-түлік тағамдарымен бірге 2 тонна шөп, 5 тонна жем, мың литр бал, тосап және қымыз әкеліпті. Жәрмеңкедегі азық-түлік тағамдарының мол болуына «Новоселовка», «Новокубанский» серіктестіктері, Мұстафа Харсеев тәрізді жеке кәсіпкерлер үлестерін қосқан. Байлаулы тұрған қойлар да тез арада сатылды. Осы маңда Аршалы ауданындағы «Ижевский» өндірістік кооперативі, Бурабай ауданындағы «Береке Агро», Целиноград ауданындағы «Капитал Прожект ЛТД» серіктестіктерінің жұмыртқасына да сұраныс көп болғанын айта кеткен жөн.
Жалпы, жәрмеңкеде 356,1 тонна өнімнің 48 түрі саудаланды. Оның ішінде 76,8 тонна ет, 1,7 тонна балық өнімдері, 215 мың дана жұмыртқа, 18,2 тонна сүт өнімдері, 64 тонна ұн, 35,5 тонна картоп, 45,2 тонна көкөніс, 13,5 мың литр өсімдік майы сатылды.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар