Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Имендірген талайды Иманжүсіп - АРҚА АЖАРЫ

Имендірген талайды Иманжүсіп

Сөйлесе сөздің шешені, бастаса елдің көсемі болған, сондай-ақ, ақындығы мен әншілігі бір арнаға тоғысқан елінің еркесі, жауға қайыспай қарсы тұрған серкесі бола білген талай марқасқалар өткен қазақтың кең сахарасында. Сондай халқымыздың біртуар ұлдарының бірі Иманжүсіп Құтпанұлы еді.

Жуырда Ақмола облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Аршалы ауданы Жібек жолы ауылындағы Иманжүсіп Құтпанұлы (елдің есінде қалғандай Иманжүсіп атындағы десе дұрыс болар ма еді?!) атындағы орта мектепте қазақтың қаһарман ұлдарының бірі, әрі батыр, әрі сазгер, әншілігі мен серілігі ұштасқан Иманжүсіптің мерт болғанына 85 жыл толуына орай арнайы шара өтті. Аталмыш шараға қазақтың белгілі ақыны Серік Тұрғынбековтың, халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтың, танымал айтыс ақыны Аманжол Әлтаевтың қатысуы да Иманжүсіптің ақындарға да, батырларға да етене жақын екендігін айғақтай түссе керек.
Жастайынан алып күштің иесі болуымен қатар, қазақтың сал-серілері Біржан сал мен Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Мәди сынды саңлақтарынан үлгі алып, Естай ақынмен дос болған, Жаяу Мұсамен де кездесіп, шығармашылығына ден қойған  Иманжүсіптің әділетсіздікке төзбейтін көзсіз батырлығы, жаймашуақ кездері елінің еркесі бола білген серілігі халық жадында сақталып қалған.
Көп жылдардан бері қазақтың біртуар ұлының өмірін зерттеп, оның ұмытыла бастаған әндері мен өлеңдерін қайта жаңғыртып, елі үшін істеген ерліктерін халыққа паш ету жолында тынбай ізденіп жүрген батырдың немересі  Раушан Көшенованың еңбегін ерекше атап өту керек.
Иманжүсіпті еске алуға арналған шарада айтыс ақыны Аманжол Әлтаев оның бойындағы ұлы рух бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болуға тиіс екендігін айта отырып, ұлтымыздың тарихында болған көптеген жақсылар мен жайсаңдарды еске алып отырудың тәрбиелік мәні қаншалықты зор екендігіне назар аударып, өлең оқыды. Сондай-ақ, Кеңес Әубәкіров, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров, қазақтың танымал ақыны Серік Тұрғынбеков пен қуатты жырларымен белгілі бола бастаған ақын Бауыржан Қарағызұлы және басқалары өз ойларын ортаға салып, патриоттық сезімге жетелейтін отты жырларын
арнады.
Шара барысында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова бастаған өнерпаздардың Иманжүсіптің әндерін орындауы да жиынның сәнін аша түсті. Жиын соңында жиналғандарға Иманжүсіптің рухына арналып ас берілді.
  Талғат ҚАСЕН.
Жібек жолы ауылы,
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар