Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көктемнің қарекеті көп - АРҚА АЖАРЫ

Көктемнің қарекеті көп

 

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген жұмыс кеңесінде күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелер қаралып, пысықталды.

 

Өңір басшысы көктемгі су тасқынына қарсы шараларға ерекше назар аударды. Барлық бекеттерде 19 наурыздан бастап тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру, сел қаупі туындайтын жағалаулар мен бөгеттерді нығайту жұмыстарын жалғастыру қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, кеңесте сайлауға дайындық мәселелері қарастырылды. Облыс басшысы өңірді, оның ішінде Көкшетау қаласын абаттандыру жұмысын үдетуді тапсырды. Наурыз айының соңында облыстың барлық аумағында ағаш көшеттерін отырғызу қажеттігін атап өтті.
Кеңесте облыс әкімі көктемгі егіс жұмыстарының дайындығына да назар аударды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанның айтуынша, өңірде арзандатылған жанар-жағармай тарату мәселесі толық шешілген. Биылғы жылы облысқа 68 мың тонна арзандатылған дизельдік отын бөлініпті. Бұл өткен жылғы мөлшерден 3 мың тоннаға артық. Тұқымның 94 пайызы дайын.
Кеңесті қорытындылаған өңір басшысы барлық мәселелер ерекше бақылауда болу қажеттігін атап өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар