Степногорск қаласында «Көктем-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
«Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» акционерлік қоғамының Ақсу кеніші аумағында ұйымдастырылған шараға қала әкімінің орынбасары Сағындық Шабаров, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының және азаматтық қорғаныс құрылымдарынан барлығы 48 адам және 9 бірлік арнайы техника тартылды.
Шарада көктем айларында орын алатын су тасқыны тәрізді төтенше жағдайларды жою кезінде басқарма органдары мен мемлекеттік азаматтық қорғаныс күштерінің дайындығы пысықталды. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғаныс капитаны Біржан Әбілмәжіновтың айтуына қарағанда арнайы-тактикалық жаттығу жұмыстары ойдағыдай өтіп, қаланың табиғат апатына қаншалықты дайын екенін көрсетті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.