12 наурыз күні Премьер-лигада ойнайтын командалар үшін футболдан ел біріншілігі басталды. Көкшетаудың «Оқжетпесі» Павлодарда «Ертіс» командасына қарсы ойнап, 1:0 есебімен ұтылып қалды. Жерлестеріміздің алғашқы ойыны көңілде екіұдай сезім қалдырды. Алаң ортасында күйбеңдеп көп жүріп алған ойыншыларымыз қарсыластар қақпасына жақын бара алмай, гол соғар мүмкіндіктерімен көзге түсе қоймады. Тек бірер сәтті шабуылдары ғана есімізде қалды.
Алғашқы ойынға қарағанда, команда сапында біраз өзгерістер болғанға ұқсайды. Әсіресе, қақпашы Бабахановтың, шаб-уылшы Қожамберді, тағы бірқатар жаңа ойыншылардың аяқ алысы жаман көрінбеді. Сырт алаңда өткен бірінші ойынның аты бірінші ойын. Сондықтан, жерлестеріміз бір-біріне үйренісіп, келер
ойындарда қимылдарын ширатар деген ойдамыз. Біріншіліктің екінші туры да таяу. Жексенбі күні «Оқжетпес» Астана-аренада Алматының «Қайратын» қабылдамақшы. Биылғы чемпионатта алғашқы алтылықтан көрінуді көздеп отырған клубқа тек жеңіс тілейміз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.