Дайындық пысықталды
Мұндай командалық жаттығу шарасын өткізудің мақсаты көктемгі су тасқыны апатының алдын алуға дайындықты пысықтау. Алаңға су апаты жағдайында құтқару қызметін атқаратын қолдағы бар техникалар қойылды. «Жақсы аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас инженері, төтенше жағдайлар қызметінің аға лейтенанты Ербол Әубәкіров табиғат апатының алдын алу және құтқару шараларын жүргізуге дайындық жайында хабарлама жасады.
Биыл қар қалың түскендіктен, көктемде су тасқыны қаупі бар. «Сақтансаң – сақтар!» дегендей, табиғат апатының алдын алуға осы бастан тастүйін дайын отырудың қажеттігін сала қызметкерлері жақсы біледі.
Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.
Жақсы ауданы.