Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өмірімнің жарқын сәті - АРҚА АЖАРЫ

Өмірімнің жарқын сәті

«Тоқтығында жараспаған, аштығында қараспайды» дейді дана халқымыз. Тағдырдың тезіне түскен талай ұлтты құшақ  жая қарсы алған дархан халық бүгінде тәуелсіз, сәулетті де дәулетті елге айналды.

Қанатымен су сепкен қарлығаштай жүрегі жұмсақ кеңпейіл қазақ елінде  адамның адамға құрмет көрсететін арнайы күні белгіленді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен елімізде 1 наурыз –  Алғыс айту күні болып бекітілді.
1995 жылдың 1 наурызында  Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаны баршаға аян және 2015 жылы тілегі бір, Отаны бір ұлт пен ұлыс өкілдерінен құралған Ассамблеяның жиырма жылдығы аясында Елбасы бұл күнді өзге ұлттардың елімізге күштеп қоныстандыру кезінде  төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін қазақ халқына алғыс білдіретін күні деп жариялау-ды ұсынған еді.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының  мүшелері наурыз айының басында Астана қаласына іссапармен барған болатын.    Ассамблея жанынан құрылған Аналар кеңесінің белді мүшесі ретінде аталмыш іссапарға мен де барып, іс-шараларға қатысып қайттым.  Татар, армян, ингуш, орыс, қазақ, поляк, кәріс  сияқты әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын біздің делегация елордада өткен көптеген мәдени іс-шаралардың куәгері болды.
Жасыратыны жоқ, кез-келген адам Елбасымен дидарласып, ел басқарып отырған Мемлекет басшысының алдында сөз сөйлеуді армандайтыны рас. Осындай асыл арманым орындалып, 1 наурыз – Алғыс айту күнінде мемлекетіміздің мызғымас беріктігін қалап, әлемге танытқан Елбасымен жүздесу бақыты бұйырды. Назарбаев орталығында өткен алқалы жиында Елбасымыз барша Қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Одан бөлек өз әріптестерінен ағат кеткен жері болса кешірім  сұрайтынын жеткізді. Және әрдайым қасынан табылып, ел үшін жарғақ құлақтары жастыққа тимей, белсене қызмет етіп жүрген әріптестеріне қалың көпшіліктің алдында алғысын айтты.
Шара аяқталған соң Елбасы мінберден түсіп, қалың көпшілікке қарай бет алды. Елбасы жақындаған сайын қорқыныш пен қобалжу үдей түсіп, өзімді қоярға жер таппадым. Сол беталыспен Елбасымыз өткен жылғы қазақ аруы Кәмшат Қоскелова екеуміздің ортамызға келіп тұра қалғанда, өз көзіме өзім сенбедім. Мемлекет басшысымен жақыннан дидарласып әңгімелескен соң, жүректен шыққан ақ тілегімді жеткіздім. Елбасымен бірге суретке түсу, алдында сөз сөйлеу екінің біріне бұйыра бермес бақыт. Осындай мәртебелі кездесудің  маған бұйырғаны ешқашан естен
кетпес, сірә.
Жан жадыратар жылы сөздеріңізді, мейірбан жүректеріңізді, таза ойларыңызды, кіршіксіз көңіл мен мөлдір махаббатты, аппақ адалдықты бір-бірімізден аямайық, жиі рахмет айтуды ұмытпайық. Жан жылуын, мейірімділікті берік ұстана отырып,  қамшының сабындай қысқа өмірде сыйластықты ту етейік, барға шүкір, жоққа қанағат қылайық, мейірімді болайық, адамдар.

Айгүл МӘМЕНТИКОВА,
№6 «Нұрай» балабақшасының меңгерушісі.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар