Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сұлы сүтінің пайдасы - АРҚА АЖАРЫ

Сұлы сүтінің пайдасы

Сұлы құрамы жағынан ана сүтіне ұқсайды дейді ғалымдар. Сұлы адам ағзаларын қалыптастырып, дамытуға игі ықпалын тигізетін микроэлементтерге өте бай дақыл. Ертеде отырықшы елдің халықтары сәбиді суға езіп дайындаған сұлы сүтімен қоректендіретін болған.

Қалай дайындайды?
Жарты литр сұлы сүтін дайындау үшін 500 мл. су, 30 грамм сұлы дәні, 6 құрма қажет. Алдымен сұлы дәнін жақсылап жуып алады. Жуылған дәнді ыдысқа салып, 1:3 көрсеткіш көлемінде су құяды. Басқа ыдысқа құрманы салып, түні бойы бетін жауып қояды.
Таңертең сұлының суын төгіп, дәнді тағы да жақсылап жуады. Ал құрмаға араластырылған қоймалжың сұйыққа 500 мл. деңгейіне жеткенше тағы да су құяды. Осыдан кейін сол сұйыққа сұлы дәнін салып, оны езіп араластырады. Жақсылап араластырған кезде түсі қоңырқай қоймалжың сұйық пайда болады. Бұдан кейін дайын болған қоймалжың сұйықты сүтке ұқсату үшін оны матадан өткізіп сүзу қажет. Сүзгіден өткізген соң пайдаланылған матаны қатты сығып, пайдалы сұйықтың бір тамшысын қалдырмай ыдысқа құяды. Міне, енді сұлы сүті дайын деп санауға болады.

Мың да бір ем
Құрамы жоғарыда айтқанымыздай микроэлементтерге аса бай сұлы сүті ең алдымен аурудан тұрған адамның әлсіреген ағзаларын тез қалпына келтіруге, бойына күш-қуат құюға ықпалын тигізеді. Сұлы сүтінің тағы бір пайдасы, бүгінде кең таралған жүрек қантамыр ауруларының пайда болуына жол бермейді.
Сұлы сүті асқазан ауруы мен құрт ауруын емдеуде де үлкен игі ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, адам ағзасындағы жүрек қантамыр ауруларының пайда болуына, қан қысымының ауытқуына әсер ететін қан құрамындағы холестериннің деңгейін төмендетеді.
Сұлы сүті зәр шығаруды оңайлатып, қуық байланғанда оның жолын ашуға әсерін тигізеді. Оған қоса, адам ағзасындағы зат алмасу жұмыстарын жақсартып, жүйке жүйесін, жүрек бұлшық еттерін бекітеді. Сұлы сүтінің бауырдың, өкпе мен өттің қызметін жақсартуға да игі
ықпалы зор.
Егер сіз қант диабетімен ауыратын болсаңыз, сұлы сүті таптырмас шипалы сусын болмақ. Ол қан құрамындағы глюкозаның деңгейін тұрақтандырады. Артық салмақтан арылуға да сұлы сүтінің тигізер ықпалы аз емес. Ол адам ағзасын тазартып, артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Сонымен бірге, адам ағзасындағы иммундық қуатты көбейтіп, ағзаның түрлі дерттерге қарсы тұру қабілетін жақсартады. Ол аз десеңіз, стрестен арылтуға, жүйке жұмысын қалыпқа түсіруге, шаршағанды басып, ұйқыны жақсартуға да игі ықпалы мол. Осы айтылғандардан байқалғандай, сұлы сүтінің адам денсаулығына тигізер ықпалы өте зор.
Өкінішке орай, «қазақ ет жемесе жүре алмайды» дегенді мәтелге айналдырып алғандар арпа, сұлы сияқты құрамы пайдалы витаминдер мен микроэлементтерге бай дақылдарды мүлдем дерлік тұтынбайды. Көбіміз тіпті, осы сұлының дәріханаларда да сатылатынынан хабарсызбыз.
Егер денсаулығыңызды жақсартамын десеңіз, ең алдымен ішіп-жейтін тамағыңызды дұрыстауға көңіл бөлген жөн. Дәмділігіне емес, тағамның ағзаларыңызға тигізер пайдасына көбірек назар аударыңыз. Сонда ауру-сырқаудан аулақ болып, өмір жасыңыз ұзарары анық.

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар