Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұтынушылар өз құқығын біле бермейді - АРҚА АЖАРЫ

Тұтынушылар өз құқығын біле бермейді

Ақмола Медиа орталығында өткен брифингте облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Қайрат Баймұхамбетов өз саласында атқарылып жатқан жұмыстарды ортаға салды.

Мекеме басшысының сөзіне қарағанда, тұрғындар арасында жүргізілген соңғы сауалнама нәтижесі тұтынушылардың өз құқықтарын дұрыс білмейтінін және оны қорғауға көбіне қауқарсыз екенін көрсеткен. Негізінде департамент тұтынушыларға құқықтарын түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихат шараларын жүргізіп тұрады. Биыл да Бүкіләлемдік тұтынушылар күніне орай, жоғары оқу орындарында дәріс оқылып, ірі сауда орындарында азық-түлік сапасын тексеруге байланысты акциялар ұйымдастырылды. Соңғы жылдары департаментке тұтынушылардан  түсетін арыз-шағымдар көлемі өсе түскен. Мәселен, 2014 жылы 76 өтініш тіркелсе, өткен жылы 164 өтініш түсіп, оның 90 пайызы сотқа жетпей шешімін тапты.
Брифинг барысында Қайрат Қажыманұлы бүгінгі таңда облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті. Өткен жылдың есептік мерзімімен салыстырғанда биыл қызылша ауруына шалдығу көрсеткіші  48 есеге, ішек аурулары 0,5 және эхинококкоз 0,6 есеге азайған. Ал, бруцеллез, құтырма, оба дерттері мүлде тіркелмеген.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің нан сапасының нашарлауына байланыс-ты қойған сауалына кейбір кішігірім нау-байханаларда санитарлық талаптардың сақталмайтындығы себеп болып отыр деген жауап айтылды. Краснояр селосындағы шұжық цехына қатысты шағым бойынша тексеру жұмыстары жүргізілмекші.     

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар