Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2016 жылғы 21 наурызда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындыларын жариялады. - АРҚА АЖАРЫ

2016 жылғы 21 наурызда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындыларын жариялады.

Облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссия-ларынан келіп түскен алдын ала деректерге сәйкес 2016 жылғы 20 наурызда болған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда сайлаушылар дауысы төмендегідей бөлінді:
«Нұр Отан» партиясына – 82,15 %
Қазақстан Коммунистік халық партиясына – 7,14 %
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясына – 7,18 %
«Бірлік» Саяси партиясына – 0,29 %
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына – 1,18 %
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 2 %
– Осылайша «Нұр Отан» партиясы алда. Одан кейін Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы мен Қазақстан Коммунистік халық партиясы. Бұл партиялар заңда белгіленген 7 пайыздық кедергіден өтеді, бұл оларға Парламент Мәжілісінде болуына мүмкіндік береді, – деді Ортсайлауком басшысы
Қ.Тұрғанқұлов болған брифинг барысында.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде 2016 жылғы 26 наурыздан кешіктірмей белгілеуі тиіс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар