Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баршамыздың ортақ мейрамымыз - АРҚА АЖАРЫ

Баршамыздың ортақ мейрамымыз

 Ұлыстың ұлы күні мұсылман баласы үшін ежелден бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған.

  Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған. Түркияда да бұл күндері ұлттық тағамдар да-йындалып, мол дастархан жайылады. Бұл айды түріктер «Сұлтан невруз» атаған. Мереке күндері олар да бір-бірінің үйін аралап, амандық сұрасып, жаңа жылмен құттықтайды. Түріктер үшін қазақтар бейбітсүйгіш, еңбекқор және қонақжай әрі бауырмал  халық. Осы күні Ақмола облысында 45 отбасы немесе 130-ға жуық түрік бейбіт өмір сүріп жатыр.
Қазақстан 1991 жылы егемендігін  алғаннан кейін, екі ел арасындағы байланыс жандана бастады. Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған Түрік елі еді. Мұны екі ел мен екі халықтың бір-біріне деген ыстық, бауырластықтың белгісі дер едім. Бүгінде Қазақстанда тұратын бауырларымның ешқайсысы да осында туып-өскеніне өкінбейді.
Бұған әрине Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген, салиқалы, сарабдал саясатының арқасында қол жеткізіп отырғанымыз анық.  
Осыдан тура 20 жыл бұрын қазақстандағы түрік халқының арасында мемлекеттік тілде сөйлейтіндері 20 пайыз шамасында болса,  қазіргі кезде бұл көрсеткіш 70 пайыздан асады.Біз түбі бір түркі халықтарымыз, сондықтан да, жастарымыздың көбі қазақ тілін меңгеруге құлшыныс танытуда. Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін түрік кәсіпкерлері арасында да қазақша сөйлейтіндер өте көп.
Бүгінгідей Ұлыстың ұлы күні барша қазақстандықтарға бақ әкелсін! Жаңа жылымыз – төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын!
Экиджи ФАТИХ,
«Қазақ-түрік мәдениеті мен
достастығын дамыту орталығы»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

 

 

 

Наурыз шығыс халықтарының мерекесі саналғанымен, бұл күн өзінің табиғаты жағынан орыс халқының Масленица мейрамына ұқсас. Екеуі де адамзатты жақсылыққа үндейді, екінші жағынан қыстың бітіп, шуақты көктемнің келгенін білдіреді. Мінеки, түркі және славян халықтары арасындағы тығыз байланысты осындай мерекелерден-ақ көруге
болады.
Биылғы Ұлыстың ұлы күніне арнап «Ақмолалық кикбоксинг федерациясы» қоғамдық бірлестігімен және қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп үлкендер, жастар мен балалар арасында  кикбоксингтен қалалық турнир өткіздік. Басқа этномәдени бірлестіктер секілді біздің ұйым да жыл сайын орталықта көпшілікке ұлттық ас мәзірімізді ұсынып жатады.
Ұлттық киімдермен жасанған өнерлі жастарымыз би билеп, наурыздың жақсы өтуіне өз үлестерін қосады. Әрине, мәдени-бұқаралық шаралардан бөлек, бұл ұлық мереке үйде, туған-туысқандарымыздың арасында да сондай жылы рәуіште бар сән-салтанатымен тойланады. Бір-бірімізді ескі жылда ренжіткен болсақ, шын көңілден кешірім сұрап, жаңа жылға көтеріңкі көңіл-күймен қадам басамыз. Ресейде тұратын немерелерім қоңырау соғып
құттықтайды.
Шынымды айтайын, Нау-рыз мерекесінен киелі қазақ даласының дархандығын, халқымыздың кең пейілін көргендей боламын. Бір ғана мерекенің астарында қаншама ұлылық, мейірімділік, жақсылық жатыр. Марқұм ата-бабаларым туған жердің қасиеті жайлы әркез айтып отырушы еді.  Солардың тәрбиесі арқылы туған жерім Қазақстаныма деген жүрегіме ұялаған махаббат ешқашан өшпек емес. Отанға деген құрметіміз барда бір-бірімізге, салтымыз бен дәстүрімізге деген сыйластық мәңгілік ортаймайды.
Ардақты да асыл жерлестеріме Самарқанның көк тасы еріген Ұлыстың ұлы күнінде мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілегім келеді. Дастархандарыңыз әрдайым жақсылыққа жайылып, шаңырақтарыңыздан шат күлкі кетпесін. Бүгінгідей жарасымды тірлігіміз жалғаса берсін. 

 

Александр АРТЕМЕНКО, «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

 

 

Күн мен түн теңескен  осы күнді қалай жақсы қарсы алсаң, жыл бойы солай өмір сүресің деген түсінік ел арасында ертеден бері қалыптасқан. Бұл көктем мерекесін кеңінен атап өтуде татар этномәдени орталығы  да қалыс қалмайды.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері наурыз ерекше аталып өтетін ұлттық мерекеге айналды. Малдың аузы көкке тиіп, ақтың мол болуы арқаны кеңге салып тойлауға  мүмкіндік береді.
Әлбетте, мемлекеттік деңгейде жас ұрпаққа тағылым мен тәрбие беретін  ізгі  мерекеде  жиналғандарға салт-дәстүрлер көрсетіліп,  киіз үйлерде ұлттық тағамдардың түр-түрі самсап тұрған ақ дастархан жайылады.
Тамырын тереңнен тартқан, Шығыс елдеріне ортақ мереке жыл сайын облыс орталығында  жақсылықтың жаршысы ретінде тойланып келеді. Осы күні  этномәдени орталықтардың өкілдері бір-бірлерін құттықтап, мәз-мейрам болысып игі тілектерін білдіріп жатады. Өнерлі жастар мерекелік шараларға қатысып, ән айтып, би билейді. Айта кетерлігі, әр жылдары «Ғалиябану» татар  фольклорлық ансамблі үздік әндерін орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлап жүр.
Татар ұлты Ұлыстың ұлы күні үй-ішін тазалап,  жапқыштарды жаңартып, міндетті түрде дастарханды жайнатып қояды. Ұлттық тағамдар – шәк-шәк, губадия, кабартма қойылады. Мереке күнi бiр-бiрiне қонаққа барып, өкпе-наздары болса, кешiрiм сұрап, көңiлдерiн жiбiтедi. Әрі Наурыз көжеге ұқсас «Қарға ботқасын» әзірлейді.
Біздің отбасымыз қазақ, татар, украин, неміс ұлтының өкілдерінен тұратын шағын ассамблея десе болады. Бұл атаулы күн жан жарым Валентинаның туған күнімен тұспа-тұс келуі жақсы нышан деп білемін. Сол себепті, 22 наурыз  күні үйімізде алыс-жақын туыстар  жиналып,  екі мерекені қатар атап өтетініміз бар.  
Осылайша, баршаның  асыға күтетін  Ұлыстың ұлы күні әр этномәдени орталық үшін  ұлттар достығын дәріптейтін шынайы мейрамға айналып отыр.

 

Рафаил ЗҰЛҚАРНАЕВ,
Көкшетау қалалық
татар мәдени орталығының
төрағасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар