Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басында кеңінен тойланушы еді - АРҚА АЖАРЫ

Басында кеңінен тойланушы еді

Наурыз – қазақ халқының жаңа жыл мейрамы. Бұл мейрам ежелгі замандарда көшпелі түркі тайпаларына отырықшы иран тайпаларынан ауысқан. Отырықшы мәдениетті, егіншілікті кәсіп еткен иран тайпаларының бұл мейрамы мал шаруашылығын кәсіп еткен түркі тайпаларына жат көрінбей, тонның ішкі бауындай кірігіп, төл мерекеге айналып кеткен. Көшпелі түркі тайпалары да отырықшы иран тайпаларына (соғды) өз мәдениеттерінен көп нәрсені берді.
Наурыз – жаңа жыл деген сөз. Парсы тілінде «нов» – жаңа, «роз» – күн деген сөз, бұл екі сөз қосылып «жаңа күн», яғни «жаңа жыл» деген ұғымды береді. Қазақ халқы уақыт есептеуде бағзы заманнан бері байырғы дәстүрге айналған он екі жылдық мүшелдік күнтізбені қолданды. Осы мүшел жылының басын күн мен түннің көктемдегі теңелуінен (күн тоғысуынан) бастап, осы күнді «ұлыс күні» немесе «наурыз» деп атады.
Мүшел жылы – осы наурыздан (22 наурыздан) бастап ауысып, ескі жыл шығып, жаңа жыл кіреді деп есептеді. Бұл мезгіл қыс қысымы кетіп, «қойдың күйегі түскен» мал төлдеудің қарсаңы, көктемін ертіп жыл құстары келе бастаған кезең. Сондықтан, бұл күнді қазақ қауымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз деп мерекеледі.
Наурыз мейрамында әрбір үй Наурыз көже жасайды. Наурыз мейрамымен бір-бірін құттықтаған ел топ-топ болып, ауылдан ауылға қыдырып, үй басын түгендеп, Наурыз көже ішеді. Наурыз жырын
айтып, жаңа жылды қарсы алады. Бір-бірімен құшақтасып, мерекемен құттықтайды. Осы жылда мал басының көбейіп, егін бітік шығып, молшылық болуын тілейді. Қыста сойған соғымының Наурыз мерекесіне арналып сақталған бас наурыз күні қадірлі қариялардың алдына тартылады. Бұл қариялар «малыңның басы өссін, ағың мол болсын» деген дәстүрлі баталарын береді.
Наурыз мейрамының түпкі төркіні байырғы қазақ күнтізбесі – мүшел жыл есебімен тығыз байланыс-ты. Бұл қазақтардың ислам дініне кіруден бұрынғы ежелгі ұлттық мейрамы. Наурыз мейрамында ұлттық салттардан өзге таза дінге қатысты ешқандай ғибадат, рәсім аткарылмайды. Қазақтардың «жыл қайыру» есебіндегі жыл шекаралары осы Наурыз мейрамымен межеленеді. Осы мейрамнан бұрын, яки кейін туғанына қарай жаңа туған баланың жылын белгілеп отырады.
Ислам діні енгеннен кейін бұл мейрамның діни реңкі, сипаты да болды. Соның бірі – наурызнама. Бұл жайында ғұлама ақын Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы былайша жазыпты: «Қазақтың қазақ болғанда өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – нау-рызнама. Осы күні қожаларға оқыта-тұғын наурызға арналған кітап болады. Наурыз жайын ұқтыратын ол кітаптың атын «Салдама» дейді. Ол күнде тілі орамды, сөзге шешен шалдардың батасы болады. Қожа кітап оқығанда, шалдар бата қылғанда жұрт жылап, шулап «Әумин» деп отырады. Сонан соң олардың айтқаны келіп, халық-жұрт ілгері басып, малы да өсіп, басы да өсіп берекелі болады.
Наурыз – халықтың еңбек, егіншілік мейрамы, мал баққан көшпелі халықтың мейрамы. Иран мен түркі тайпаларынан келе жатқан халықтық мейрамымызға кеңес үкіметінің кезінде бірыңғай діни мейрам ретінде қарады да, ол 1926 жылдан кейін аталмады. Ежелгі қазақ халқы, түркі, иран халықтары, бір шеті арабтар да бар, наурызды мейрам ретінде қабылдаған. Қыстан қысылып шыққан көшпелі халықтар жайлауға көшердің алдында ақ мол болсын деп тілеген. Төрт түлік төлдеп, малдың басы көбейіп, ақ молайған кезде наурызды тойлаған. Бір-біріне қонаққа барып, қателіктеріне кешіріммен қарап, сыйлы, иманды болуға тырысқан. Адамгершілік қасиеттер де ұлттық мейрамымыз арқылы насихатталып отырған. Алдағы уақытта осы мереке халықтық мейрамға айналса деген тілегім бар.
Ұлыстың ұлы күнінде дастарханға қойылатын сыйлы тағамдардың бірі – Наурыз көже. Қазақтың көптеген әдет-ғұрпы осыған сіңісіп кеткен. 1989 жылы алғаш Наурыз айы тойланып, қолға алынғаннан кейін Наурыз мейрамы үш жыл қатарынан бір ай тойланатын болған. Арадағы алпыс жыл үзілістен кейін оны біз айлап тойлайтын болдық. Университетіміздің әр кафедрасы жеке-жеке киіз үй құратын. Студенттердің ұлттық дәстүрге деген жетіктігін білу мақсатында жарыстар ұйымдастыратынбыз. Ер-азаматтар қой сойып, қыз балалар қазан-ошақтың маңында Нау-рыз көже даярлаудан жарысқа түсетін. Соларды ұйымдастырудың басы-қасында жүрген кездеріміз болды. Ол кезде халық ұлттық құндылықтарға шөлдеп, аңсап қалған. Наурыз кезінде тұрғындардың да, студенттердің де көңілі өте ерекше болатын.
Бір кезеңдерде ұмыт қалған салт-дәстүрімізді Нау-рыз мерекесімен орайластырып, әлі де байыта түсу керек. Халқымыздың балуан күресі, балалардың арасында асық ойыны ойналып, алтыбақандар жиі құрылса… онда ән мен күйлер орындалып, қыз бен жігіттердің әзіл-қалжыңы, қайымдасу, халық көп жиналған жерде айтыс ұйымдастырылса игі. Наурыз жыры айтылмай кетті. Шыны керек, осыны көре алмай жүрміз. Наурыз жырының мәтінін бүгінгі заманмен орайластырып, толықтыруға болушы еді. Халық бұл жырларды наурызға арнап шығарған ғой. Соны жаңғыртуымыз керек. Киіз үйлерді жаппай құрып, оларға былайғы халықты кіргізбей, тек әкім-қаралар мен шенеуніктерді бәйек болып, күтіп-бағуды қою керек. Осындай Наурыз мейрамының құнын түсіретін кереғар әдеттерден арылтып, оны шынайы халықтық мейрамға айналдыруымыз қажет!
Өз басым үшін бұл кезең, әрине, ерекше. Күн мен түннің тоғысуы деп жатамыз. Ол күнді барлық қазақ баласы ерекше бір ынтасымен, тебіреніспен күтеді. Мереке қарсаңында елімізге ақ мол болсын, жаңа жыл табысты болсын деймін. Туған-туысқандар, дос-тар арасындағы татулық сақталып, бір-біріне деген ықылас, сенім молайсын!
Барлық жерлестерімді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын!
Сәбит ЖӘМБЕК,
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар