Облыс орталығындағы Триатлон мектебінде орналасқан № 41 сайлау учаскесіне ерте ағылған дауыс берушілер легі күні бойы толастаған емес.
Сайлаушылар алдымен комиссия мүшелерінен сайлау бюллетенін алып, арнайы орнатылған төрт кабинаның біріне барып, өз таңдауларын жасап жатты. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қасымхан Тортаевтың айтуынша, дауыс беруге барлығы 2238 сайлаушы тіркелсе, соның 14-іне мүмкіндігі шектеулі азаматтар ретінде өз өтініштері бо-йынша жылжымалы дауыс беру жәшігі ұйымдастырылған.
Сайлауға келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған «Әулет» және «Мұрагер» аулалық балалар клубының өнерпаздары ән мен күйден шашу шашты. Сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша бұл күні саяси науқанға атсалысқан азаматтардың басым бөлігі «Нұр Отан» партиясына өз дауыстарын беріп, белсенділік танытты.
Асылай Айжарықова.