Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді көгілдір көктемнің ұлық мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жаңару мен жасарудың, шынайы махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Көктемнің қанатымен ере келетін көгілдір нұрға малынған мамыражай шуақпен бірге үлбіреген үміт үстемеленіп, Наурыз мерекесі адамдардың рухани жан дүниесін байытып, өне бойларындағы ізгілік пен ізеттілікті молайта түседі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың этносаралық байланыс бағытындағы мақсатты әрі сарабдал саясатының арқасында елімізде бейбітшілік салтанат құрып, келісім мен өзара түсіністік кеңінен қанат жаю-да. Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері үшін туған Отанына айналды. Ынтымақтастық пен бекем бірлік тәуелсіз Қазақстанның жиырма бесінші көктемін болашаққа деген ерекше мақтанышпен және зор сеніммен қарсы алуға жол ашып отыр.
Еліміздің әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту, жалпы экономиканың дамуына септігін тигізетін ауызбірлік, толеранттық, қоғамдық келісім сияқты игіліктерді үстемелеуде де бұл мейрамның алар орны ерекше.
Наурыз мерекесінде барша қазақстандықтар Отанымыздың түкпір-түкпірінде тамаша мерекенің жалпыға ортақ қуанышын бірге бөлісе отырып, ниеттері мен пейілдерін бір арнада тоғыстыруда.
Сіздерді ұлық мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және отбастарыңызға, ет жақын туыстарыңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, береке мен бірлік тілеймін! Нұры мол, шуағы ересен Наурыз мейрамы әрбір шаңыраққа тарқамас қызық-қуаныш әкелсін.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.
Қымбатты ақмолалықтар!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Бұл ертеден келе жатқан мейрамның терең мәні бүгінгі күнде де мағынасын жоғалтқан жоқ. Ынтымақтастық, береке-бірлік – қазақ халқын танымал ететін басты қасиетіміз. Еліміз бейбітшілік, ынтымақтастық пен татулықта өмір сүріп жатыр. Бұл Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салмақты да сындарлы саясатының жемісі екендігіне күмән жоқ.
Барша облыс тұрғындарын шын жүректен осы жарқын мерекемен құттықтап, дендеріңізге саулық, әр жанұяға бақыт, армандарыңыздың орындалуына тілектеспіз. Еліміз тек көркейе берсін! Әз Наурыз әр отбасына жақсылық, қуаныш, құт береке әкелсін!
«Нұр Отан» партиясы
Ақмола облыстық филиалының Саяси кеңесі.
Құрметті ақмолалықтар!
Баршаңызды тіршілікке жан бітіре келген жыл басы Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Бұл күндері барша қазақстандықтар сияқты ақмолалықтар да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу жөніндегі Ұлт жоспарын орындау жолында әлеуметтік-экономикалық салада жаңа табыстарға қол жеткізіп келеді. Күні кеше болып өткен Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттардың сайлауында халқымыздың, сондай-ақ, ақмолалықтардың да зор белсенділік танытып, «Нұр Отан» партиясына зор сенім білдіргендіктері қоғамның Елбасы жүргізіп отырған саясатының төңірегінде тығыз топтасып отырғандығын айғақтайды.
Ежелден Наурыз мейрамы бірлік пен ынтымақтың мерекесі болып келсе, біз әлемнің бүгінгідей тұрақсыз жағдайында өз Отанымыз Қазақстандағы барлық халықтар мен ұлыстардың бірлігі мен достығын сақтауды басты міндетіміз деп білеміз. Бүгінгі күні өсіп, өркендеп келе жатқан еліміз бен халқымызға, ұрпағымызға, әрбір отбасына әз Наурыз өз жақсылығын, ырысы мен берекесін, дәулеті мен бақытын әкелсін. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Рашит Әкімов,
Жабал Ерғалиев,
Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттары.