(Науша Наурыз нақыштары)
Науша Наурыз, мейрамның тәуірісің,
Шат-шадыман жұртымның ән-жырысың.
Ұлыс оң боп,
Ақ мол боп жаңа жылда,
Бұйырсыншы біздерге нау ырысың.
Тәңірімнің тамаша тартуысың,
Табысады жамырап бар туысың.
Бойға қуат береді,
Ойға шуақ,
Тілімізді үйірген нәр уызың.
Салтанатты той-думан сайран салсын,
Тамашалап көрген жұрт қайран қалсын.
Ұлы күні Ұлыстың
Нұрын төгіп,
Жылы жүрек жамиғат жайраңдасын!