Уа, халайық, көтерейік білекті,
Берсін Алла шын ниетпен тілекті.
Наурыз тойы шуағымен нұр шашып,
Қуанышпен табыстырсын жүректі.
Төрт түлік мал ауылыңда төлдесін,
Әр отаудың шам-шырағы сөнбесін.
Үйіңде жан, далада егін өсумен,
Астық мол боп, таршылықты ел көрмесін!
Мешін жылы берсін Алла қуаныш,
Толсын әр үй жас сәбиге – жұбаныш.
Болашақта тәрбие алып үлкеннен,
Ұрпақтарың әкелсін зор қуаныш.
Халқыма бақыт құсы қонсын деймін,
Ырысқа ақ дастархан толсын деймін.
Елім деп сыртта жүрген бауырларым,
Шаттанып ортамызға қонсын деймін.
Еріме Абылайдай айбат берсін,
Жастарға Бауыржандай қайрат берсін!
Ұрпағын барлық жұрттың біріктірген,
Наурыз той, қасиетің арта берсін!
Әумин!
Болат ҚҰРМАНҒАЖЫҰЛЫ,
зейнеткер.
Есіл қаласы.