Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс орталығындағы №17 орта мектепте орналасқан №45 сайлау учаскесіне алдын ала 2651 сайлаушы тіркелген болатын. - АРҚА АЖАРЫ

Облыс орталығындағы №17 орта мектепте орналасқан №45 сайлау учаскесіне алдын ала 2651 сайлаушы тіркелген болатын.

Учаскелердегі ұйымшылдық

Учаскенің есігі межелі уақытта айқара ашылып, сайлау комиссиясының мүшелері өз орындарына жайғасты. Комиссия төрайымы Үгіл Шәкен соңғы әзірлікті пысықтады. Төрайым бұл қоғамдық  қызметпен он жылдан бері айналысып келеді.  
    Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалған соң қауырт жұмыс басталып кетті. Алғашқы дауыс берушілердің легі де көрінді. Қала тұрғындарының көбі отбастарымен бірге келіпті. Ешқандай қарбалас байқалмайды. Сайлау бюллетеньдері кезекпен алынып, дауыс беру  бірқалыпты жүріп жатыр. Сайлаушылар өз таңдауларын жасауда. Қала тұрғыны Жұлдыз Рахимова алғашқылардың бірі болып келді. Учаскеде «Көкше-Энерго» серіктестігінің инженері Көшек Сәменовты жолықтырдық. Ол  бізбен әңгімесінде өзінің азаматтық міндетін атқару үшін сайлау учаскесіне ертерек келгенін айтып, болашақ Мәжіліс пен әртүрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының еліміз үшін тиянақты әрі тындырымды жұмыс істеулеріне тілегін білдірді. Алғаш рет дауыс берген №19 орта мектептің түлегі, «Алтын белгі» иегері Абдолла Сәлімгерейге сый-сияпат жасалды.
   Сайлау учаскесінде сайлауға түсіп жатқан партиялардың, қоғамдық ұйымдардың байқаушылары мен мәслихаттар депутаттығына түсіп жатқан кандидаттардың сенімді өкілдері де болды. Сайлаушылардың тоғызы денсаулық жағдайларына байланысты дауысты үйлерінде берді. Автокөлікпен сайлау бюллетеньдерін апарып, алып келу мінсіз ұйымдастырылды. Түске дейін 1300 адам дауыс берді. Осылайша Васильковка мен Көктем шағын аудандарын қамтыған №45 сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыс беруі заңға сәйкес ұйымшылдықпен өтті.

Рамазан ТІЛЕУОВ.

 

 

Жібек жолы ауылындағы  №141 және № 135 сайлау учаскелерінде де сайлау ұйымшылдықпен өтті.

 

Оның бір айғағы ретінде күндізгі сағат 11-ге дейін тізімдегі сайлаушылардың басым көпшілігінің өз таңдауларын жасап үлгергендігін айтуға болады. №141 сайлау учаскесінің төрайымы  Жаңалық Әміренованың айтуынша, сайлаушылар дауыс беруге сайлау учаскесі ашылған сәттен бастап келе бастаған.
  Жалпы, екі сайлау учаскесінде де сайлаушылардың 99,8 пайызы дауыс берген. Бұл көрсеткішке қарап бұған дейінгі сайлауларда да ұйымшылдық таныта білген Жібек жолы ауылының тұрғындары бұл жолы тіпті бір кісідей дауыс берді деуге болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар