Облыстық сайлау комиссиясы жексенбі күні өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауының алғашқы қорытындысын шығарды.
– Біздің облыста дауыс беруге 380 089 сайлаушы қатысты, – деп хабарлады редакцияға облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Шынарбек Батырханов, – бұл барлық сайлаушылардың 79,7 пайызы. Тізім бойынша барлығы 476 988 сайлаушы тіркелген болатын. Облыста 785 сайлау учаскесі жұмыс істеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.