Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Наурыз мерекесіне орай, «Инабат» клубы мүшелерінің арасында «Тәуелсіздік аруы – 2016» атты нәзік жандылар сайысы болып өтті. - АРҚА АЖАРЫ

Наурыз мерекесіне орай, «Инабат» клубы мүшелерінің арасында «Тәуелсіздік аруы – 2016» атты нәзік жандылар сайысы болып өтті.

 

Қыз өссе – елдің көркі

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында өткен  сайысқа  Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері Гүлбаршын Тілеужан, Ұлболсын Тастан, Ақерке Бытышева, Гүлайым Қалымбек, Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінен Әйгерім Егінбаева, Жанерке Кенжетай мен Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінен Гаухар Нұрмұхамбет  қатысты. Байқауға қатысқан жеті ару бес кезең бойынша сынға түсті. Әдеттегідей, бірінші кезеңде  әр қатысушы өзін-өзі таныстырып, слайдтар арқылы дос-жарандары, күнделікті айналысатын сүйікті істері жайында айтып берді.  Біреуі таныстыруды қара сөзбен өрнектесе, екіншісі өлең-жырмен төгілтіп
бастады.
Сұрақ-жауап кезеңінде сайыскерлерге ел Тәуелсіздігі мен 22 наурыз мейрамы төңірегінде  сауалдар қойылды. Тұшымды жауаптарымен ұлттық салт-дәстүрлер жөніндегі білімдерін көрсетті. Сайысқа қатысушылардың қазақ қызына тән ибалылығы, қарапайымдылығы, салт-дәстүрді құрметтейтіні анық көрінді. Бір әттеген-айы, қатысушылар  қымыз түрлері және Елбасының туған жері  туралы сұрақтарға нақты жауап бере алмай,  іркіліп қалды. Сайыс барысында қыздар  ісмерліктерін танытты. Қызғалдақтай құлпырған аруларымыздың бірі тойбастарға арналған қоржын тіксе, екіншісі тоқыма бұйымдарын әкеліп, таңдандырып
жатты.
Әр нәрсеге мән бере қараған  халқымыз сұлудың көркі шаш деп есептеген ғой. Қыздың әсемдігі жарыса төгілген қос бұрымымен өлшенгендігі жасырын емес. Сол себепті, байқаудың үшінші кезеңінде қыздар шаш өру бойынша өнерлерін көрсетті. Арулар көрермендерге заманауи шаш өру үлгілерін паш етті. Сайыста   қатысушылардың ептілігі, әрі шапшаңдығы назарға алынды. «Өнер» сайысында қатысушылар өздерінің әртістік, әншілік, күйшілік, бишілік дарын-қабілеттерін ортаға салды. Сайыскерлер аянып қалмай, бар өнерлерін көрсетіп бақты.
Байқау қорытындысында қазылар алқасы «Тәуелсіздік аруы – 2016» байқауының бас жүлдесіне Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің студенті Гүлбаршын Тілеужанды лайық деп тапты. Әділқазылар алқасының мүшесі, облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов өз сөзінде қазақ қызының бұрымды болып жүргені дұрыс екенін айтып, байқауда ақылына көркі сай қыздардың бақ сынасқанына ризашылығын білдірді. Байқау жеңімпаздары дипломмен және бағалы сыйлықтармен
марапатталды.

Ырысгүл КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар