№9 Новоишимка агротехникалық колледжінде «Бақытты балалық шақ» атты жоба негізінде жастарды еңбекке тартуға арналған шара өтті.
Жетім балалар үйінен келген немесе ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жастарды өндірістік тәжірибеден өткізу арқылы білікті маман етіп шығаруға бағытталған бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Алма Айтқожинова, «Ақтық» серіктестігінің бас агрономы Қалиолла Рақымжанов пен жастар қауымы қатысты. Алқалы кеңесте шаруашылыққа қажетті мамандар туралы жан-жақты сөз болды. Әсіресе, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде білім алып жатқан студенттер ерекше ынта танытты. Олар Астана іргесіндегі түрлі кәсіпорындарда еңбек етуге құлшыныс білдіріп отыр.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.