Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасы алтыншы шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясына қатысып, сөз сөйледі. - АРҚА АЖАРЫ

Елбасы алтыншы шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясына қатысып, сөз сөйледі.

 Мемлекет басшысы депутаттарды Мәжіліс жұмысының басталуымен құттықтап, өткен сайлаудың еліміз үшін тарихи мәні бар екенін айтты.
– Сайлаудың нәтижесі қазақстандықтардың қазіргі және болашақ біртұтас ұлт ретіндегі тұтастық деңгейі жоғары екенін нақты көрсетіп берді. Сайлау қазақстандық бірлікті нығайтқан тарихи актіге айналды. Дауыс беру Ұлт жоспарын бүкілхалықтық қолдаудың көрінісі болды. Мен тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы жылында өткен сайлаудың тарихи нәтижесімен қазақстандықтарды тағы да құттықтаймын. Сондай-ақ, Мәжілістің жаңа құрамындағы барлық депутаттарды парламентші мәртебесін алуымен құттықтаймын, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар үшін қоғам тіршілігінің бірқатар маңызды салаларында жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан Ұлт жоспарын жүзеге асырудың аралық нәтижелеріне де егжей-тегжейлі тоқталды. Қазақстан Президенті алтыншы шақырылымдағы Парламенттің заң шығару жұмысына қатысты бірқатар маңызды міндеттерді атады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы  Мәжіліс депутаттары заң шығару үдерісінде Парламент Сенатымен арадағы сындарлы өзара іс-қимыл дәстүрін жалғастыратынына сенім білдірді.
Іс-шара барысында Парламенттің жаңадан сайланған депутаттары ант берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар