Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туберкулез толық емделеді - АРҚА АЖАРЫ

Туберкулез толық емделеді

24 наурызда елімізде  Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аталып өтті. Қазіргі күні туберкулез ең кең тараған қатерлі жұқпалы дерттің бірі болып табылады. Тұтастай еліміздегі сияқты, біздің облысымызда да онымен күрес тиісті деңгейде жүргізілуде деп сеніммен айтуға болады.

Жыл сайын әлем елдерінде туберкулезден 3 миллионнан астам адам көз жұмады екен. Ал, бір жылда 7-8 миллион адам аталмыш дертпен ауырады. Өкпе туберкулезімен ауырып, емделмеген адам жылына орта есеппен 10-15 адамға қатерлі дертті жұқтырады.
Туберкулездің бір ерекшелігі – дертті жұқтырған адамның бірден ауырмайтындығында. Адам өзінің жұқпалы дертті жұқтырғанын сезбей жылдар бойы қаперсіз жүреді. Ал ағза әлсіреп, иммундық қуат азая бастаған сәтте туберкулез бас көтереді. Ауыратындардың дені әдетте, созылмалы өкпе ауруымен, қант диабетімен, асқазан ауруларымен ауырғандар болып келеді. Сондай-ақ, маскүнемдік пен нашақорлыққа салынғандар да қатерлі дертке жиі шалдығып жатады. Аурудың бой көтеруіне әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлығы: пәтердің суық болуы, тойып тамақ ішпеушілік немесе белок-
ты, витаминге бай тағамдарды аз тұтыну, қатты шаршау, темекі тартып, арақ ішу сияқты жайлар әсер етеді.
Туберкулезбен ауырғанда білінетін бас-ты белгілер: үш аптадан артық үздіксіз жөтелу, тәбеттің жоғалуы, арықтау, түнде терлеу, дене температурасының көтерілуі, тез шаршау, кеуде клеткаларының ауыруы, қан түкіру. Осы аталған белгілердің бірнешеуі немесе біреуі біліне қалса уақыт өткізбей бірден дәрігерге
көрінгеніңіз жөн.
Туберкулездің жеңіл түрлері алғашқы кезде еш білінбейді. Соған орай, адамдардың көбі өздерін аурумыз деп санамайды. Сондықтан, әрбір адам өз денсаулығына байыпты қарап, сәл-пәл өзгеріс сезіліп, жоғарыда аталған белгілердің бірі білінсе дереу емханаға барғаны дұрыс.
Асқынбай тұрып анықталған жағдайда туберкулезден емдеу қиындық тудырмайды, ол толық емделеді. Біздің елімізде туберкулездің алдын алу, анықтау және емдеу шаралары – тегін жүргізіледі. Сондықтан, денсаулығын ойлаған әрбір адам жыл сайын флюорографиялық, онан қалды, дәрігерлік тексеруден өтіп тұрғаны жөн. Өз денсаулығыңыз өзіңіздің қолыңызда екенін естен шығармаңыз.

Бақыт ӘКБАРОВА,
Қоңыратбек Құрманбаев атындағы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің дәрігер-сарапшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар