Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балаларынан арақ артық - АРҚА АЖАРЫ

Балаларынан арақ артық

Адам өмірінің ең бақытты есте қаларлық кезі – балалық шақ десек, сол балдай тәтті балалық шағы ересектердің кінәсінен азапқа айналған тірі жетім балдырғандар қатары көбейіп барады.

Сондайлардың кесірінен  бесіктен белі шықпай жатып тірліктің теперішін көріп жүрген сәбилер қай жерде де аз емес. Өздері дүниеге әкелген сәбилерін тағдыр тауқыметіне тастап, қарақан бастарының қамын күйттеп жүргендерді ата-аналық құқығынан айыру – бұл бала құқығын қорғау үшін жасалған мәжбүрлік  десек, артық болмас. Өкінішке орай, ата-аналық құқығынан айрылып жатқандар қатары жыл санап өспесе, кемитін түрі байқалмайды.
Көкшетау қалалық сотының шешімімен   К. деген азамат ата-аналық құқығынан айрылды. Оның тетелес өсіп келе жатқан 2005 және 2008 жылы туған Диас және Рахат есімді сүйкімді екі ұлы ата-анасыз қалды. Аналары ертеректе қайтыс болған екі сәбиді әкесі К. тағдыр тәлкегіне қалдырып, араққа салынып, қаңғыбастық күй кешіп келген. Тірі жетім атанған сәбилерді  аяған қарт әжесі оларды қолына алып, қамқор болып жүр екен. Бірақ, жалғызбасты қарияның азын-аулақ зейнетақысы жетпей, содан ол амалсыз құқық қорғау органдары арқылы балалардың әкесінің көмектесуін талап етеді. Алайда, араққа салынып, ақыл-естен айрылған маскүнем әкеден еш қайран болмады. Оның балаларына  алимент  түріндегі қарызы бүгінде 700 мың теңгеден асады. Осыдан кейін  мектеп пен балалар ісі жөніндегі комиссия  сотқа шағымданып, сот К.-ні 6 айға ата-аналық құқығын шектеуге шешім шығарды. Бұл да маскүнем әкеге сабақ болмады.  Кездейсоқ жұмыстарды атқарып, тапқан-таянғанын түгел араққа салатын ол сот шешімін қаперіне де алмады. Шыдамдары таусылған  баланың қамқоршысы саналатын білім мекемесі мен балалар ісі жөніндегі комиссия сотқа қайта шағым түсірді. Осылайша сот шешімімен К. ата-аналық құқығынан түбегейлі айрылды.
Ертең қартайған әжелері бақилық болып кетсе, балалардың тағдыры не болмақ?  Қарияның азын-аулақ зейнетақысы  бүгінде мектепке барып жүрген тетелес екі ұлдың киімі мен оқу құралдарын алуға да жетпейді. Сот шешімі арқылы әкелік құқығынан айырғаннан балаларға түсер пайда бар ма? Өкінішке орай, жауабы жоқ мұндай сауалдар қазір тек немерелерінің ертеңін ойлап қиналған қарт әжеден басқаны толғандырмайтын сияқты. Араққа салынған маскүнем әке  арағын ішіп, қаңғыбастық тірлігін одан әрі жалғастыруда.

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар