Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Таңғажайып дүние - АРҚА АЖАРЫ

Таңғажайып дүние

Алтыншы құрлықтың құпиясы

Антарктиданы 1820 жылы орыс саяхатшысы Беллинсгаузен ашқан. Аумағының 99 пайызы қалыңдығы 4-5 шақырымдық мұзбен құрсанған алтыншы құрлықтың басқа материктерден ерекшелігі көп. Антарктида әлемнің үш алып мұхитымен шектесетін жалғыз континент. Ол Атлант, Үнді және Тынық мұхитымен шектесіп жатыр. Сондай-ақ, алтыншы құрлықта жыл он екі ай бойы ауа температурасы нөлден төмен түспейді және ұйытқыған боран бір үзілмейді.
Антарктида байырғы тұрғындары жоқ жалғыз континет. Байырғы тұрғын түгілі, осы жерді тұрғылықты мекен ететін бір пенде жоқ. Жыл ішінде төрт мыңға тарта ғалым-географтар мен әуесқой саяхатшылар  мұнда бірнеше айдан болады екен. Мұз құрсанған құрлықта мемлекет және шекара деген де жоқ. Оның тағы бір артықшылығы – бұл әлемдегі ең экологиялық таза континент.

 

 

 

Бөгде тіршілік

 

Бірқатар ғалымдар мұз құрлықтың терең қатпарларында әлі зерттелмеген тіршілік негіздері болуы мүмкін дегенді айтады. Ондай тіршілік көздері құрлықтың орталық аймағындағы ұзындығы 500, ені  150 шақырым болатын «Антарктида теңізінде» болуы ықтимал деген болжам бар. Мұз құрлықтағы теңізге тұңғыш рет бұрғылау 1972 жылы жүргізіліп, 3558 метр тереңдікте бұрғыланған еді. Мұз астындағы теңіз биологтар үшін таусылмас қазына болады деген үміт бар. Өйткені, теңізде ғылымға беймәлім жерде кездеспейтін микроорганизмдер болу ықтималдығы зор. Ғалымдар қазіргі күнге дейін теңіз өсімдіктерін тапты, тіпті микроорганизмдер тастың ішінен де табылған.

 

 

 

Атлантида туралы аңыз

 

Ежелгі грек ойшылы Платонның жазбаларында кездесетін су астында қалған құрлық – Атлантида деген осы Антарктида дейтін пікірлерді кейбір ғалымдар айтып, жазып жүр. Оның қаншалықты шындыққа жанасатындығы әзірге белгісіз. Итальяндық ғалым Барбиеро Флавио өзінің «Мұз астындағы өркениет» кітабында осыдан 10-12 мың жыл бұрын жер планетасына алып метеориттің соғылуынан болған апатта су астында қалған құрлық бүгінгі Антарктида деген пікір айтады.  Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, солтүстік магнит полюсі ертеректе қазіргі Азия құрлығының шығысында болған көрінеді. Ол кезде Антарктида бүгінгі орталық Америка, Үндістан мен Египет орналасқан бойлықта болған. Соған орай, оның табиғаты, ауа райы да аталмыш құрлықтарға ұқсас болған. Барбиеро Флавионың пікірінше, апатқа ұшыраған Атлантида (қазіргі Антарктида) тұрғындары табиғаты ұқсас жоғарыда аталған бір бойлықта орналасқан жерлерге барып қоныстанып, сол өңірлердегі өркениеттің дамуына ықпал еткен. 

 

 

 

Гитлердің соңғы тұрағы

 

Антарктида туралы таңғажайып аңыздардың бірі – соңында қанды із қалдырған фашистердің көсемі Гитлерге қатысты жай. Екінші дүние жүзілік соғыстың соңында фюрер өзін-өзі өлтірмеген, ол сүңгуір қайыққа отырып, мұз құрлықтағы алдын ала дайындалған әскери базаға барып  бой тасалаған деген пікір бар. Германияның 1930-шы жылдарда Антарктидаға арнайы экспедициялар ұйымдастырып, тұрақты зерттеу жүргізгендігін айғақтайтын құжаттар сақталған. Алтыншы құрлыққа гитлерлік Германия сол замандағы ең озық көптеген техника мен ғылыми-зерттеу құрылғыларын тасымалдап отырған. Советтік тарихшы-жазушы М.Демидин «Үшінші рейхтің құпиясы» деген еңбегінде СС мұрғатынан алған аса құпия құжатта неміс экспедициясының Антарктидадан жылы ауа арқылы өзара байланысқан жер асты үңгірлері жүйесін тапқандығы туралы жазады.
Қалкөз ЖҮСІП.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар