Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халық алдында есеп беріп отырамыз - АРҚА АЖАРЫ

Халық алдында есеп беріп отырамыз

 30-қадам. Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру. Жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау полициясының қызметкерлері полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі.

  Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 30-шы қадамында халық алдында есеп беріп отыратын жергілікті полиция қызметін құру мәселесі қамтылған.  Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті полиция қызметі туралы кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданған еді. Осы заң шеңберінде жергілікті полиция қызметтері құрылып, жұмысқа кірісті.
Жергілікті полиция қызметін құрудағы мақсат полицияның халық алдында есеп беруі арқылы оның жұртшылық алдындағы жауапкершілігін арттыруға жағдай жасау екендігі белгілі. Жергілікті полиция қызметінің құрамына учаскелік инспекторлар және олардың көмекшілері, мектеп инспекторлары, табиғат, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі полиция, қабылдау-тарату пункттері мен мекен-жайы жоқ адамдармен жұмыс істейтін қызметкерлер, жол-көлік полициясы кіреді.  Облыс бойынша жергілікті полиция қызметіне  1,2 мың адам тартылған. Жергілікті полиция Ішкі істер министрлігінің орталықтанған жүйесіне кіреді және жергілікті атқарушы органның құрамына қосылмайды, бірақ жергілікті билік пен халық алдында есеп беріп отырады. Атап айтқанда, жергілікті полиция қызметінің басшысы әкімдік пен мәслихаттың алдында жылына екі рет, халық алдында бір рет есеп беруге тиіс.
Бұл өз кезегінде полиция қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, халықпен байланысын нығайтуға және қарапайым жұртшылықтың құқық қорғаушыларға деген сенімін арттыруға жағдай жасайды.  Жергілікті полиция қызметіне баға берудің басты өлшемі – тұрғындардың оның жұмысына деген сенімі болып табылады. Сол себепті, полиция қызметкерлері ендігі уақытта қарапайым жұртшылықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, адамдардың әрбір арыз-шағымына жете назар аударатын болады. Бұл өз кезегінде қызмет сапасын, қылмыстың ашылу көрсеткішін жақсартады деген сенім бар.
Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау жергілікті полиция қызметінің басты бағыттарының бірі болып саналады. Осы орайда, дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік инспекторыңызбын» акциясының мәні зор болып отыр. Акция шеңберінде учаскелік инспекторлар барлық дерлік тұрғындармен кездесіп, байланыс орнатады. Сонымен бірге, «Тұрмыс. Бақылау және алкоголь» жедел алдын алу шарасы да үзбей өткізілуде. Шара барысында тұрмыстық қылмыстардың алдын алуға, араққа салынып отбасының, көрші-қолаңның тынышын алатындарды тәртіпке шақыруға мүмкіндік жасалады. Көшедегі қылмыстар мен бұзақылықтардың алдын алу, тыю мақсатында өткізілетін «Бұзақы», «Тонаушы» жедел алдын алу шаралары да оң нәтижелерін беріп келеді.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін «Түнгі қаладағы балалар» акциясы үнемі өткізіледі. Шара барысында ересектердің бақылауынсыз түнде қыдырып жүрген балалардың ата-аналарына ескерту жасалып, мұның соңы жамандыққа ұшырату мүмкіндігі естеріне салынады.
Жалпы алғанда, жергілікті полиция қызметі бүгінгі таңда өздеріне жүктелген ауыр да жауапты міндетті орындау жолында күш-жігерлерін аямай жұмыс жасап жатыр деп айта аламыз.

Жанбай ОМАРОВ,
Ақмола облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы,
полиция подполковнигі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар