Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аршалы мен Егіндікөл аудандарына – жаңа әкімдер - АРҚА АЖАРЫ

Аршалы мен Егіндікөл аудандарына – жаңа әкімдер

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және аудандық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Азамат Тайжанов ротация шеңберінде Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Аудан активіне жаңа әкімді өңір басшысы Сергей Кулагин таныстырды.
– Аршалы ауданы Астанаға жақын аудандардың бірі. Мұнда көптеген жұмыстар атқарылуда, дегенмен, бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша әлі де қарқынды жұмыс керек. Инвестиция тарту, өнеркәсіп, құрылыс салаларын жандандыру бағытындағы жоспарларды орындау міндеті тұр, – деді облыс әкімі өз сөзінде. Өз кезегінде Азамат Тайжанов өзіне білдірілген зор сенім үшін өңір басшысына алғыс жеткізіп, Аршалы ауданының өсіп-өркендеуіне бар күш-жігері мен тәжірибесін жұмсайтындығын айтты.
Азамат Айтбайұлы Тайжанов 1985 жылы туған, білімі жоғары, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің бакалавриатын және магистратурасын бітірген. Қазақстан Рес-публикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, 2010 жылы Жапонияда Токай университетін тәмамдады.
Еңбек жолын 2005 жылғы қазанда Астана қаласы «Ықылас К» ЖШС менеджері болып бастады. 2007 жылғы қарашадан бастап 2008 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жос-парлау министрлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды атқарды. 2008 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Респуб-ликасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде сарапшы лауазымын атқарды. 2011 жылғы ақпаннан Қазақстан Рес-публикасы Президенті Кеңсесінің кеңесшісі. 2013 жылғы сәуірден бас-тап Степногорск қаласы әкімінің орынбасары лауа-зымында жұмыс жасады.
2013 жылғы маусымнан бастап Егіндікөл ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар