Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауылдарды судан сақтау – ерекше міндет - АРҚА АЖАРЫ

Ауылдарды судан сақтау – ерекше міндет

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Қосшы кентінде «Александрит» карьері маңынан ағатын өзен жағасындағы арақашықтығы 7 шақырым су бөгеті кеңейтілсе, Тайтөбе ауылында ұзындығы 1,5 шақырым бөгет тұрғызылды.

«FLYING SPUR» және «Нұрай құрылыс» серіктестіктері әлеуметтік әріптестік аясында Тайтөбе ауылы мен «Нұра» демалыс аймағы арасында ені 6 метр, биіктігі 1,5 метр қосымша су өткізгіш құрылғы жасады. Екі шақырым арнаны 3 метрге тереңдету және 25-30 метрге кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, Қызылжар, Шнет, Ақмол, Бірлік, Отаутес-кен, Қажымұқан, Талапкер ауылдарында су бөгеттері тұрғызылды. Су бөгетінің ұзындығы 10 шақырымды құрайды.
Оразақ селолық округында көктемгі су тасқынына қарсы «Іскер ТТЖ» серіктестігінен 16 адам мен арнайы техникалар, «Қосшы-Қуат» коммуналдық кәсіпорны мен жергілікті тұрғындардан арнайы техникалар және күн сайын 250-300 литр дизель отыны бөлінді. Бүгінгі таңда Оразақ ауылының жаңа шағын ауданындағы қар сыртқа шығарылды. «БААС» шаруа қожалығы еріген қар суын арнайы техникамен соруда. 84 текше метр инерттік материалдар тасымалданды. Бұған «Қосшы — Қуат» коммуналдық кәсіпорны мен «Айтмұрзин» шаруа қожалығы көп үлестерін қосты. Барлық село бойынша қар мен саздан бес жаңбыр суағары тазаланды. Бірлік селосына аталмыш коммуналдық кәсіпорын мен жергілікті тұрғындардан арнайы техникалар бөлінді.
Рақымжан Қошқарбаев атындағы ауылдық округында да су тасқынына қарсы шаралар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұнда экскаватор, жүк артқыш пен автокөлік тәрізді арнайы техникалар жұмылдырылған. Ауылдың көшелері, Ағанас пен Шнет ауылдарына баратын жол астындағы су өткізгіш құбырлары, алқаптағы еріген қар суын еркін өткізу үшін арықтар қардан тазаланды. Тас-ты ауылдық округы бойынша барлық көшелер, еріген су ағатын барлық жерлер, Астана-Екатеринбург тас жолының бойы, кентішілік жолдар қардан тазаланды. Су тасқынына қарсы барлық шаралар қолға алынып, «АКА» серіктестігі техникамен қамтамасыз етті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар