Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан көлік инфрақұрылымының жақсаруына байланысты Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік рейтингінде 30 сатыға көтерілді. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан көлік инфрақұрылымының жақсаруына байланысты Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік рейтингінде 30 сатыға көтерілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 6 халықаралық көлік дәлізі қалыптасып, жұмыс жасауда. Халықаралық көлік дәліздерін дамыту экономикалық өсудің, өңірлер арасындағы сауда операциялары мен байланысты оңайлатудың  маңызды құрамдас бөлігі болып қаралады.
Бұл үшін Қазақстанның көлік инфрақұрылымын жақсарту жөнінде жұмыс атқарылуда, соның нәтижесінде Қазақстанға 2015 жылы көлік инфрақұрылымының жақсаруына байланысты Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік рейтингінде 30 сатыға көтерілу, яғни, әлемдегі 140 елдің ішінде 88-ші сатыдан 58-ші сатыға жету мүмкіндігі туды.
Көлік саласын дамыту Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол»  Мемлекеттік бағдарламасында және «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарында қарастырылған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар