«Бурабай» спорт сарайында шайбалы хоккейден республика чемпионатының екінші кезеңінің ойындары өткізілді. Ойынды облыс әкімі Сергей Кулагин көріп, тамашалады.
Мұз айдынында Көкшетаудың «Арланы» мен Атырау қаласының «Бейбарыс» хоккей командалары кездесіп, тартысты ойын өткізді. Екі команда да алма-кезек шабуылға шығып, қақпаны торумен болды. Ойынның басында қонақтар басымдық танытып, қақпаға алғашқы шайбаны соққанмен, кейін арландық ойыншылар есепті теңестірді. Дегенмен, атыраулық команданың хоккейшілері «Арланның» қақпасына үш шайба соғып, ойында жеңіске жетті. Осылайша екі күндік кездесулер қорытындысында командалар бір-бірден жеңіске ие болды
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.