Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел бақыты – тәуелсіздік - АРҚА АЖАРЫ

Ел бақыты – тәуелсіздік

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты облыстық ақындар мүшәйрасын өткізді.

 

Мүшәйраға облысымыздан 51 үміткер қатысты. көбі қолына енді қалам ұстап, талаптанып жүрген жастар. Олар ғасырлар бойы бабаларымыз арман еткен Тәуелсіздікке жеткізген атаулы оқиғаларды және сол оқиғалардың болуына ұйытқы болған ұлтымыздың біртуар перзенттерінің сіңірген еңбектерін қазақ тілінің мол әлеуетін көрсетіп жырлады.  
Мүшәйра қазақ тілді ақындар мен орыс тілді ақындар арасында екі аталым бойынша өтті. Аталмыш жыр мүшәйрасына қатысу үшін ақындар бүркеншік атын жазып тапсырды. Бұл қазылар алқасының ешкімге бұра тартпай, өлеңді әділ бағалауына ықпал етті.
Қазақ тілді ақындар арасында екі ынталандыру сыйлығы болды. Оны Степногорск қаласынан қатысқан Полатбек Жанбаев пен Шортанды ауданынан  келген Ақынбай Сәрсенби иеленді. Үшінші орынды  Мұхамед Қонқаев пен Қуаныш Оспанов алса, екінші орын Шоқан Уәлиханов университетінің студенті Күләш Нысанбекке бұйырды. Ал, жүлделі бірінші орынды Целиноград ауданы Қоянды ауылының тұрғыны, белгілі қаламгер Жәди Шәкенұлы жеңіп
алды.   
Қазылар алқасының ұйғарымы бойынша орыс тілді ақындар арасынан үшінші орынға Бұланды ауданынан келген Тамара Барышникова лайық деп танылды.  Екінші орын Көкшетау қаласынан қатысқан Виктор Терещукке бұйырды. Ал, жүлделі бірінші орынды Есіл ауданынан келген Лилия Резяпова иеленді.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар