Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және аудандық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Нариман Төлепов Егіндікөл ауданының әкімі болып тағайындалды. - АРҚА АЖАРЫ

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және аудандық мәслихат депутаттары келісімінің негізінде Нариман Төлепов Егіндікөл ауданының әкімі болып тағайындалды.

 Нариман Ихсанұлы Төлепов 1967 жылы туған, білімі жоғары, Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1992 жылғы сәуірде Торғай облысы Жангелді ауданы Қызыл әскер совхозының жастар комитетінің төрағасы болып бастады. Торғай облысы Жангелдин аудандық экология және ресурстар басқармасының жетекші маманы, Жангелді ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы болып қызмет атқарды. 1994 жылғы қарашадан бастап 1995 жылғы желтоқсан аралығында Милисай қауымдастығының бас агрономы болып жұмыс жасады.
Әр жылдары Торғай, Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқарды. 2007 жылғы тамыздан  Қостанай облысы Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы. 2009 жылғы қарашадан бастап Қостанай облысы Жангелдин ауданының әкімі лауазымын атқарды. 2014 жылғы желтоқсаннан Ақмола облысы Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2015 жылғы маусымнан Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының  басшысы лауазымында болды.
Қазақстан Респуб-ликасы Президенті  жанындағы Кадр саясаты жөніндегі комис-сияның шешімімен 2015 жылғы ақпанда мемлекеттік қызметтің «А» корпусының кадр резервіне енгізілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар