Ауданда Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы республикалық ғылыми-әдістемелік агрохимиялық қызмет орталығының өкілдері «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының міндеттерін жүзеге асыруға арналған кездесу өткізді.
Республикалық ғылыми-әдістемелік агрохимиялық қызмет орталығының басшысы Ерболат Базылжанов сөз сөйлеп, аталмыш мекеменің қызметі, егіншілікті химиялық өңдеудің мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, жер пайдаланушылардың жерді ұтымды пайдалануы, жер құнарлылығын сақтау және сапалы өнім алуды мемлекеттік реттеу арқылы ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жөнінде айтты. Аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасова өз сөзінде ауданда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар, ауқымды іс-шаралар мен алға қойылған міндеттер жөнінде атап өтті. Кездесу соңында қойылған сауалдарға тұшымды жауап қайтарылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Шортанды ауданы.