Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлімжеттіктің соңы кісі өліміне әкелді - АРҚА АЖАРЫ

Әлімжеттіктің соңы кісі өліміне әкелді

 

Еңбекпен түзеу мекемелерінде қызмет етіп, жаза басқандарды  түзу жолға салады дейтін қылмыстық атқару жүйесінің төрт бірдей қызметкерінің сот алдында жауапқа тартылуы «ет сасыса тұз себерсің, тұз сасыса не себерсің» деген халық даналығын еске салатындай.

 

Аудан аумағында орналасқан түзеу мекемесінде еңбек ететін М.Байғұлынов, М.Пайызов, А.Сафинов және С.Седукин өздерінің қызмет бабын пайдаланып,  сотталғандарды ұрып-соғып азаптаған, тәндерін жарақаттап қана қоймай, ар-намысына тиіп қорлаған. Өздерін түзеу мекемесінің қожайындарындай сезінген әлгілер жазасын өтеушілерге ойларына не келсе соны жасауға құқылымыз деп санаса керек. Астамсынған төртеудің әрекетінің ақыры И. деген жазасын өтеушіге де, оны азаптаған мекеме қызметкерлеріне де  үлкен залалын тигізді. Алған соққыдан әлгі азамат қаза тауып, мекеменің төрт қызметкері сот алдында жауап беруіне тура келді.
Кісі өліміне соқтырған түзеу мекемесінің қызметкерлеріне қатысты іс таяуда Жарқайың аудандық сотында қаралып, сот бұрынғы қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерін айыпты деп тауып, түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Атап айтқанда, М.Байғұлынов пен А.Сафинов 8 жылға бас бостандығынан айырылып, 3 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқару құқынан айырылды. Ал, М.Пайызов 8,6 жылға сотталып, мүлкі тәркіленді және өмір бойы жауапты қызмет атқарудан шеттелді. С.Седукин 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 4242000 теңге айыппұл төлеп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқынан айырылды. Қылмыстық іспен бірге олардың үстінен азаматтық іс те қозғалып, жәбірленуші тарапқа келтірген ар-ождан шығыны үшін 1,5 миллион теңге төлейтін болды.
Осылайша мемлекет сеніп тапсырған қызметті теріс пайдаланған түзеу мекемесінің бұрынғы қызметкерлері заң алдында әділ жазасын алды. Бұл оқиға басқаларға сабақ болса, қане.

Қалкөз КЕЛДІГҰЛҰЛЫ.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар