Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ тарихында үшінші ғарышкердің есімі де алтын әріппен жазылды - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ тарихында үшінші ғарышкердің есімі де алтын әріппен жазылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің халықаралық экипажын қарсы алды. Өйткені, бұл экипаждың құрамында қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов бар болатын. Бүгінде ержүрек қандасымыздың есімі ұлтымыздан шыққан үшінші ғарышкер ретінде зор мақтанышпен ауызға алынады.

 

Айдын Айымбетов 1972 жылы 27 шілдеде Талдықорған қаласының іргесіндегі Өтеней ауылында дүниеге келген.
Мектепті алтын медальмен бітірген ол 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені «ұшқыш-истребитель» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1993 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарады. Ұшқыш-истребитель ғарышкерлер отрядының құрамына енгенше Талдықорған қаласы маңындағы авиабазада авиациялық бөлімшенің командирі болып қызмет атқарады. 2009 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі, агенттік департаментінің директоры. 2011 жылдың наурызынан Сұлтанғазиев атындағы ғарыштық зерттеулер институтында ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2012 жылдың көктемінен Астана қаласының Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді. 2014 жылдан Қазақстан Республикасы Әскери-әуе қызметінің полковнигі.
1993 жылы алғаш рет ғарышкерлікке өтініш берген ол екінші мәрте 2001 жылдың 5 мамырында тағы да өтініш берген. 2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық
комиссиядан өткен. Сөйтіп, 2002 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия мәжілісінде Қазақстан
Республикасы ғарышкерлері отрядына кіргізу туралы ұсыныс жасалынады. Ал, 2012 жылғы 12 қазанда Қазақстан
Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді.
2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.
Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізді. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.
Сол күнге сәл шегініс жасайық.
Астана Халықаралық әуежайында үшінші қазақ ғарышкерін қаумалаған қалың ел ұлықтап қарсы алды. Ақ жауын мен күннің ызғарына қарамай, Ұлы Даланың ұланына құрмет көрсетіп, қазақтың ән мен күйінен шашу шашты. Одан кейін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкерлерді қарсы алып, брифинг өткізгені баршамызға белгілі.  «Бұл маңызды оқиға! Ең бастысы сіздер аман-есен жерге оралдыңыздар. Барлығыңыз үшін алаңдадық, күттік. Әрине, қазақстандықтар біздің үшінші ғарышкеріміз Айдын
Айымбетов үшін алаңдады. Сіздермен бірге қуанып жатырмыз. Қазақстан осындай мүмкіндікке ие болып отыр. Оған басты себепкер «Роскосмостың» қолдауы деп білеміз. Сондықтан, алдағы уақытта Ресеймен ғарыштық байланыста біріге жұмыс атқарамыз деп ойлаймын», – деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев.  
Ал, ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаевтың айтуынша, Айдын Айымбетов сегіз күн ішінде жоспарды толық орындап, зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Бүгін Қазақстанда тағы бір үлкен мереке. Өйткені, ғарыштан тағы бір қазақ жігіті Айдын Айымбетов оралып келді. Қазақстан халқын осы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз. Айдын өзін жақсы сезініп тұр. Ол туған жеріне жету үшін асықты. Жезқазғанда қазақ даласының ауасын жұтып, Ұлы Даланың кеңдігін көрді. Айдын толықтай зерттеу жұмыстарын аяқтады. Табысты оралды. Бізге сол зерттеу жұмыстарының пайдасы мол», – деді Талғат Мұсабаев.  Сондай-ақ, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығының» директоры Жұмабек Жантаевтың мәлімдеуінше, ғарышкеріміздің зерттеу жұмыстарына сегіз күн аздық етіпті. Десе де, Айдын
Айымбетов орталықтың дайындаған ғылыми жұмыстарын толық зерттеп үлгеріпті. Әсіресе, Каспий теңізі айлағы мен Арал көлі маңының экологиялық ахуалы толық зерттелді, деп отыр орталық басшысы.  
БАҚ өкілдерімен өткен брифинг соңына қарай батырдың анасы да сөз сөйледі. Журналистердің сауалына жауап беріп, батырдың анасы болу сезімімен бөліскені де баршамызға аян.  Ғарышкердің анасы Жұмакүл Айымбетова «Ұлымның ортамызға аман-есен оралғанына қуаныштымын. Елбасымызға рахмет.
Ресеймен келісім-шарт жасасып, Айдынды ғарышқа аттандырғаны үшін. Өйткені, ұлым бала кезден ғарышкер болуды армандады. Сол үміті, арманы орындалды. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Байқоңырдың 60 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығы құтты болсын. Халықтың қуанышы, елдің мерейі үстем болсын. Батырдың анасы болу – мен үшін қуаныш. Бірақ, Айдын халықтың баласы. Қуаныш халықтікі», – деп аналық жүрекжарды тілегін жеткізген болатын.  Ал, ғарышкердің ұлы Әмір Айымбетов болса, «Мен үшін ерекше қуанышты күн. Өйткені, әкем қазақ тарихында үшінші ғарышкер атанды. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әкем үшін мақтанамын. Әкемді ғарыш капсуласынан алғаш көргенде «Әке» деп айғайладым. Басқа ештеңе демедім. Әкем жай ғана қуаныштан күліп, жымиды. Мен де болашақта ұшқыш болғым келеді. Сол үшін жақсы оқып, білімімді ұштай түсемін».  Сондай-ақ, салтанатты шарада үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетовтың жары Лилия Айымбетова мен қыздары Диана, Даяна да болды.
Тағы да сәл шегініс жасасақ.  Осыдан 24 жыл бұрын Кеңес Одағы ыдыраған тұста, Тәуелсіз Қазақстанның азаматы тұңғыш рет көкке көтерілді. Ол бүгінгі батыр ағамыз, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров болатын. Сол тұста қуанбаған, шаттанбаған адам болмады. Сондай-ақ, дүние есігін ашқан балалардың есімі Тоқтар болды. Қазақ ырымдады. «Ұшқыш болсын, Тоқтар ағасындай даңқты болсын» деп. Араға бірнеше жылдың уақытын салып екінші қазақ Талғат Мұсабаев ғарышқа сапар шекті. Бір емес, үш рет ғарышқа аттанған қазақ батыры ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көкте көп күндік жоспарын орындады. Қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов те осы қатарға қосылды.
Естеріңізге сала кетсек, Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесімен қыркүйектің 2-сі күні қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов ресейлік ғарышкер Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсенмен ғарышқа аттанған болатын.
Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Айымбетов ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағы және  Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелік белгісі, «Отан» орденінің иегері атанды.
Осылайша Айдын Айымбетовтың есімі қазақ елінің тарихында үшінші ғарышкер ретінде алтын әріппен жазылды.

Дайындаған
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар