Ақмола облыстық М. Жұмабаев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының толықтыру және өңдеу бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, өткізіліп жатқан «25 қайырымды іс» аясында «Өмірдің гүлі – балалар» акциясын ұйымдастырды.
Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандардың қатысуымен Щучинск қаласындағы балалар үйіне көрсетілген бұл қайырымдылық шарасында балалар арбасы, киім-кешек, ойыншықтар және басқа да сыйлықтар тарту етілді. Балалар үйінің қызметкерлері игі шараға қатысқандарды жақсы жүзбен қарсы алып, жетім балаларға көңіл бөліп, қол ұшын бергендері үшін алғыстарын айтты.
Осы шараның жалғасы ретінде біздің бөлім Ұлы Отан соғысының ардагері, тарихшы, оқытушы Жеват Габдулкафеевке арнайы барып, оған кітапсүйгіш оқырманға сыйлық ретінде кітаптар табыс етті. Кітапханашылар қатысқан қайырымдылық шарасы онан әрі жалғасып, бірнеше кітапханашы науқас жандарға көмек көрсету үшін қан тапсырды. Осы жасалған қайырымдылық акция-сы адамдарды мейірімділікке, достыққа, бірлікке үйретеді деген ойдамыз.
Қадиша ҚОЛПАУОВА,
М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының
сектор меңгерушісі.