Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Соттың жариялылығы мен қолжетімділігін арттыру – заман талабы - АРҚА АЖАРЫ

Соттың жариялылығы мен қолжетімділігін арттыру – заман талабы

Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығына сәйкес биылғы жылдан бастап Ақмола облыстық сотының кеңсесі «Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Мекеме атауының өзгеруімен бірге, оның қызмет бағдары мен мазмұны қаншалықты өзгерді, нендей жаңалықтар бар деген мәселелер  төңірегінде тілшіміз Ақмола облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сарымсақовты әңгімеге тартқан еді.

 

– Ертеректе соттар әкімшісі аталатын мекеме одан кейін сот кеңсесі болып өзгертілген еді. Енді бұрынғы атауын қайта алып отыр. Соттар әкімшісінің қызмет ауқымы қандай және немен айналысады?
– Биылғы жылдың қаңтарынан «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың парктикалық кезеңі бас-талды. Ұлт жоспарын жүзеге асыруға байланысты сот жүйесінде де көптеген шаруалар атқарылуда. Жоғарғы сот пен еліміздің барлық деңгейдегі соттарын материалдық жағынан қамтамасыз етумен айналысатын сот әкімшілігінің құрылуы да осы бағыттағы қолға алынған игі іс деп атауға болады. Соттар әкімшісі өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялык заңын, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Ақмола облысында облыстық соттан басқа 4 мамандандырылған, 19 қалалық және аудандық соттар қызмет етеді. Соттар әкімшісінің негізгі міндеттері жоғарыда көрсетілген соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
– Сот қызметінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану уақыт өткен сайын дамып келеді. Осы жа-йында не айтасыз?
– Бүгінгі таңда сот жүйесінің азаматтардың заңды мүдделері мен бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы және заңдық кепілдіктерін бекітудегі рөлі артып келеді. Сондықтан, сотта жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, сот өндірісін жеңілдету, қолжетімділікті арттыру, сот әділдігінің ашықтығы мен айқындығы Қазақстанның сот билігін дамытудағы аса маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.  Жалпы сот органдарына ақпараттық технологияларды енгізу Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-сараптамалық жүйені (қысқаша айтқанда БААТЖ) бағдарламасын енгізуден басталды. Бұл бағдарлама  қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуына байланыс-ты, «Төрелік»  ақпараттық жүйесі бағдарламасымен алмасты.
Бұл жүйенің  басты ерекшеліктерінің бірі талап-арыздарды тіркеу және қарау мерзімдерінің сақталуына бақылау жасау, оның есебін жүргізу – бәрі  электронды  жүйе арқылы болады. Сонымен қатар, ішкі және сыртқы ақпараттық жүйелерімен қарым-қатынас қағазсыз құжат айналымы негізінде жүргізіледі. Бұдан бөлек, аталған жобаны енгізу сот өндірісін жеңілдетіп, статистикалық және сараптамалық есепті, жеделдікті және қолжетімділікті қалыптастырып, бюрократиялық кедергілерді төмендетеді.  Құжаттар мен сот актілеріне мүдделі тұлғалардың онлайн-қолжетімділігі де қарастырылған. Келіп түскен арыз-шағымдарды судьяларға бөлу автоматты түрде мамандардың көмегінсіз жүзеге асырылады. Осылайша, бұл бағдарлама сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болып, судьялардың істерді таңдап алу мүмкіндігіне шектеу қояды.
«Төрелік» бағдарламасымен сот отырысындағы дыбыс-бейнежазбалар және де сот отырысының хаттамалары автоматты түрде осы базаға түседі, яғни, бұл мүмкіндіктер бұрынғы (БААТЖ бағдарламасында) қарастырылмаған болатын.
– «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі бүгінде сот жұмысының жеделдігі мен ашықтығын арттыруға игі ықпалын тигізіп отырғаны белгілі. Осы жайында кеңірек айтып кетсеңіз.
– «Сот кабинеті» дегеніміз  – ол сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған бірыңғай терезе болып табылады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде «Сот кабинеті» интернет-сервисі  арқылы электронды түрде талап-арыздарды  беруге, шағымдар мен өтініш хаттарды жолдауға, сондай-ақ, істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері бар.
Соттарда электронды технологияларды қолдану бірінші кезекте процеске қатысушы азаматтарға қолайлы жағдай туғызуға бағытталған. Сондай-ақ, электронды сот ісін жүргізу сот актілерінің сапасын көтеру мен істерді қарау мерзімін жылдамдатады және сот төрелігінің қолжетімділігі мен  ашықтығын  қамтамасыз ететін құрал болып табылады. Бұл электронды ақпараттық қызметтердің барлығы да сот жүйесіне деген сенімділікті арттырады деген ойдамыз.
Заңды және жеке тұлғалар талап- арыздарын «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электронды нысандарды толтыру арқылы беруге мүмкіндігі бар. Ол заңды және жеке тұлғалардың «Сот кабинеті» сервисінде тіркелуі, тұлғаның ЖСН (ИИН) немесе БСН (БИН) және паролі арқылы жүзеге асырылады.  «Сот кабинеті» сервисінде тіркеуден өткеннен кейін электронды құжаттарды беру сервисін пайдаланушылар сотқа талап-арыз, талапты қамтамасыз ету туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін қайталап беру туралы арыз және тағы да басқа арыздарды жолдай алады.  Азаматтар талап-арыздарды «Сот кабинеті» сервисіне беру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарынан электронды сандық қолтаңба (ЭЦП) алуға міндетті. Себебі, талап-арыз беруші тұлға өзінің  жеке басын куәландыруы қажет.
«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі азаматтарға, олардың өкілдеріне және адвокаттарға сотқа электронды түрде өтінішті, талап-арызды, апелляциялық және кассациялық шағымдарды, сот актісін қайта қарау үшін өтініш хатты жолдауға, мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеуге, сот құжаттарын, істің мәртебесін қарауға және басқа іс-әрекеттерге мүмкіншілік береді.  «Сот кабинеті» электронды сервисінің тағы бір жаңашылдығы ресми құжаттарға апостиль қою болып табылады. Қазіргі кезде апостиль қызметін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну арқылы алуға болады.
«Сот кабинеті» электронды сервисін ілгері дамыту және жаңарту мақсатында мобильді құрылғы арқылы сот органдарымен берілетін, сервиске кіруге қамтамасыз етілетін «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасы әзірленді. Қосымша жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді болып отыр.
Ақмола облысы соттарында 2014 жылдың екінші жартыжылдығында «Сот кабинеті» сервисі арқылы 1 427 талап-арыз тіркелген болса, 2015 жылы «Сот кабинеті» сервисі арқылы 10 381 талап-арыз тіркелген, ал 2016 жылдың 3 айында барлығы 8 327 талап-арыз түссе, соның 4028-і «Сот кабинеті» сервисінің үлесінде. Бұл жалпы арыздың 48,4 пайызын құрайды. Осыдан көріп отырғанымыздай, уақыт өткен сайын аталмыш сервистің қызметін пайдаланушылар саны артып келеді.
– Электронды пошта немесе ұялы телефон арқылы жазбаша шақырту жіберу сияқты жаңашылдықтар енгізіліп жатқанынан хабардармыз. Осы жайында не айтасыз?
– Сот қызметіндегі тағы бір жаңашылдық «Гибридті электронды
пошта» қызметі. Гибридті пошта дегеніміз – бұл электронды құралдарды қолдана отырып, алушыға жеткізілетін қағаз түріндегі хат-хабарлар. «Қазпошта» АҚ-мен Қазақстан Рес-
публикасы Жоғарғы сотының бірлескен шарты негізінде жасалған «Гибридті электронды пошта» және автоматтандырылған пошталық жолдау жобалары жедел әрі үнемді болып отыр.
Сот әкімшісімен жіберілген хаттар конвертке салынып, «Қазпошта» АҚ-мен берілген бірегей пошталық штрихті идентификаторды  енгізіп, поштаға жіберіледі. Осыдан соң біздің бағдарламада хаттардың ағымдағы статустары көрініп тұрады, олар: «Табыс етілді», «Кері қайтарылды» немесе «Жеткізілді» деген белгілермен көрсетіледі. Яғни, біздің қызметкерлер хат-хабарламаның ағымдағы жағдайын  бақылап отырады.
Гибридті жолдау технологияларын қолдану кезінде кеңседен хаттар пош-
та байланыс бөліміне электронды түрде жолданады, одан әрі қарай пошта бөлімшелері алынған электронды хатты қағаз түрінде басып шығарады және конвертке салып көрсетілген мекен-жайға жеткізіп береді. Мысалы, осы Көкшетау қалалық сотының кеңсесінен жіберілген электронды хат Ерейментау аудандық пошта бөлімінде қағазға басылып, тиісті адресатқа жеткізіледі. Яғни, бұрынғыдай хат-хабарламаларды жөнелтуге көлік шығындары азайтылып, хат-хабардың жоғалып кету фактілеріне жол берілмейді.
Жоба бастау алған 2014 жылы аймақтағы соттармен «Гибридті электронды пошта» құралымен 405 электронды шақыртулар жолданып, 345-і жеткізілген, ал 2015 жылы 12 073 электронды шақыртулар жолданып,
7 802-сі жеткізілді.
Бұл бір жағынан тапсырыс берушінің үлкен көлемдегі хабарландырулар мен есеп хаттарын жолдаудың шығындарын азайтуға мүмкіндік берсе, екіншіден пошта операторына қағаз хаттарын жеткізу бойынша сапалы әрі ыңғайлы қызмет көрсетуге жағдай жасайды.
– Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуде сот залдарын дыбыс және бейнеқондырғылармен жабдықтаудың рөлі зор. Осы бағыттағы жетістіктеріңіз жайлы да біле отырсақ.
– Қазір облыс соттарында дыбыс-бейнежазу құрылғыларының жаңа жүйесімен сот залдарын жабдықтау 95,1 пайызды құрайды. Қазіргі таңда Ақмола облыстық соттары бойынша 83 сот отырысы залының 79-ы дыбыс-бейнежазу құралдарымен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы жергілікті соттардың сот отырысы залдарын дыбыс-бейнежазу жүйесімен 100 пайыз жабдықтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, тергеу изоляторы мен түзету мекемелерінің отырыс залдарымен байланыстыратын бейне-конференц байланысын қолдану арқылы қашықтан сот отырыстарын өткізу тәжірибесі кеңінен қолданылуда. Осы енгізілген электронды сервис арқылы сот процесіне қатысушылардың уақыты үнемделіп, істі қарауға байланысты шығындар айтарлықтай азайды.

Сұхбатты жүргізген
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар