Облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын жаяу жүріп тексерді.
Алдымен өңір басшысы Қопа көлінің бойында салынып жатқан Воскресения Христова проваславтық храмының орнына барып, басталып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл жерде бүгінде жер дайындау жұмыстары жүргізілуде, бірер күнде басты тіреуіштер орнатылатын болады.
Одан соң өңір басшысы Көкшетау қаласының орталық
Горький және Абай көшелерін жаяу аралап, қала тазалығын тексерді. Жолшыбай кезіккен тұрғындармен сөйлесіп, қаланың сыртқы келбетін жақсарту туралы пікірлерін тыңдады, қаланы абаттандыру бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сергей Кулагин барлық тұрғындарды ағаш отырғызып, қаланы таза ұстауға және жалпықалалық сенбіліктерге шығып отыруға шақырды. Атап өтейік, Ақмола облысында 4 сәуірден 20 мамырға дейін өңірді абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру бойынша айлық жарияланған.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.