Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Журналистиканың жампозына құрмет көрсетілді - АРҚА АЖАРЫ

Журналистиканың жампозына құрмет көрсетілді

Облыс әкімі Сергей Кулагин белгілі қарт журналист, Ұлы Отан соғысының ардагері, «Алеф» еврей мәдени орталығының төрағасы Моисей Михайлович Гольдбергті тоқсан жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ардагерге Целиноград ауданының орталығы Ақмол селосынан екі бөлмелі жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Өңір басшысы ардагерге өзінің жүрекжарды лебізін айта келе:

–Қаламы қуатты, нағыз сөз шеберлері болып саналатын тәжірибелі журналистердің арасында сіздің орныңыз ерекше бөлек. Сіз кәсіби қызметінде үлкен тәжірибе жинақтаған өз ісінің білгірісіз. Сондықтан да, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сізді өздерінің ақсақалы деп есептейді. Бүгінгі күні еңбек демалысында бола тұра, сіз жастар тәрбиесіне, этностар арасындағы достықты нығайтуға үзбей ат салысып, белсенді іс-қимыл көрсетіп келе жатырсыз. Құрметпен айтуға лайықты осы еңбегіңіз кейінгі жастар үшін үлгі-өнеге. Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, бақытты тұрмыс тілеймін,–деді.

Құрметті ардагер өз кезегінде облыс әкімінің құттықтауын қабыл алып, қарымта алғыс лебізін білдірді.

Енді бір сәт Моисей Михайлович Гольдбергтің өмірбаяны туралы айта кетелік. Ол 1941 жылы Украинаның Мелитополь қаласында туған. Зұлматты жылдары отбасы Қазақстанға көшірілгеннен кейін барша ғұмыры Ақмола облысымен тығыз байланысты. Осы жерден қанқасап майдан даласына аттанды, соғыста ауыр жараланып, мүгедек болды.

«Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. 1945 жылдың сәуір айында әскерден босатылған. Әскерден келген соң бірден Павлодар облыстық «Большевисткий путь» газетінде тілші болып еңбек жолын бастаған. Міне, осы сәттен Моисей Михайловичтің отандық журналистика саласындағы жемісті де жеңісті шежіресі басталады. 1953 жылы ол С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Он жылдан астам уақыт бойы, 1953 жылдан 1965 жылға дейін ТАСС ақпараттық агенттігінің Ақмола облысындағы тілшісі қызметін атқарды. Он бес жыл бойы Целиноград облыстық радиосына жетекшілік етті. 1975 жылдың мамыр айында Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен М.Гольдбергке Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілді.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.     

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар