Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақсат бірлігі - АРҚА АЖАРЫ

Мақсат бірлігі

Кеше алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы болып өтті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына  қатысты бірқатар мәселелерді қараған сессия жұмысына облыс әкімі Сергей Кулагин қатысып, сөз сөйледі.

Облыстық мәслихаттың депутаты Сағадат Әшебековтың төрағалығымен өткен сессияның күн тәртібінде алдымен «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгертулер енгізу мәселесі қаралды. Бұл жайлы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров баяндады. Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатқа байланысты бірінші кезектегі стратегиялық тапсырмаларын орындау мақсатында бюджет қаржысы негізінен, қолға алынған жобаларды аяқтау және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталып отыр. Осыған байланысты төрт білім беру нысанының құрылысына 525,6 миллион теңге, ал, екі денсаулық сақтау мекемесінің ғимаратын аяқтауға 100 миллион теңге қаражат бөлу көзделген.  
Сондай-ақ, 188,7 миллион теңге қаржы бөлініп, Ерейментау, Еңбекшілдер, Бұланды, Целиноград аудандарында салынатын төрт көп қабатты үйлермен 144 отбасы пәтерге ие болып, баспана кезегінде тұрған азаматтар қатары  аз да болса кемиді деген сенім бар. Мұнымен қоса, сессияда облыстық бюджеттен Степногорск, Есіл қалаларындағы тұрғын үйлерді қайта жаңартуға, басқа да елді мекендерде су құбырларын жөндеуге қомақты қаражат көзі қарастырылғаны да белгілі болды. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы  шешіміне енгізілген бұл өзгертулерді депутаттар бірауыздан қолдады.
Бүгінгі таңда өңірімізде он алты адам «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағына ие. Бұл жолғы сессияда осындай атақты үшінші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статис-тика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы, еліміздің құқық қорғау саласында қызмет ететін әйелдер арасында тұңғыш рет генерал атағын алған жерлесіміз Сәуле Айтпаеваға беру туралы облыстық әкімдіктің ұсынысы қаралып, қолдау тапты.
Сессия жұмысын қорытындылаған облыс әкімі үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанына белгіленген барлық міндеттердің ойдағыдай  орындалғанын, дегенмен әлі де болса, шешімін күткен біраз мәселе барын айта келе, олардың бірқатарына нақтылы тоқталып өтті. Әуелі келесі жылу беру мау-сымына дайындықты қазірден бастап кету қажет. Ол үшін биылғы жылу беру маусымынан қалған барлық қарыздарды жауып, мазутты арзан кезінде сатып алған жөн.
– Облыстағы барлық бу қазандықтарын жақсылап жөндеуден өткізсек, бұл мәселеге төрт-бес жыл оралмауымызға болады. Осы күні бала бақша, аурухана мен мектептерге қатысты елуден астам жоба іске асырылуда. Көкшетаудағы әуежайға қатысты мәселе бар. Ұйқы ауруына байланысты Калачи селосынан көшірілген тұрғындарға қоныстанған жаңа үйлерін әрі қарай жекешелендіру құқығымен беруді жан-жақты ойластырып жатырмыз, – дей келе, Сергей Кулагин аппарат пен басқарма басшыларына жұмысты тиянақты атқаруды тапсырып, межеленген міндеттерді орындауда депутаттар да істің бір жағынан шығысатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, сессияда облыс әкімі Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауын ұйымдастырып, өткізуге белсене атсалысқан және «Нұр Отан» партиясының бағдарламаларын жүзеге асыруда іскерліктерімен көзге түсіп жүрген  халық қалаулыларына партия төрағасы, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың және партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың  Алғыс хаттарын табыс етті.    
   «Арқа ажарының» өз ақпараты.Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар