Ауданда «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен жергілікті жұмыспен қамту орталығы бірлесіп, «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы аясында бос орындар жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкеге 28 кәсіпорын мен жұмыс іздеген 80-ге жуық адам қатысты. Жұмыс іздеп келгендерге 78 бос жұмыс орны ұсынылды. Жұмыспен қамту орталығының директоры Надежда Райленің айтуынша, осы күні «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жұмыссыз жүргендер қайта кәсіби даярлықтан өтуде.
Осы күні жәрмеңке барысында 31 адам жұмысқа орналасты. Жалпы, жыл басынан бері ауданның 432 тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 27, жастар тәжірибесі бойынша – 33, қоғамдық жұмыстарға – 138 адам жіберілді. Бүгінде аудандағы еңбек нарығында электр және газбен дәнекерлеуші, аспазшылар, кондитерлер, инженерлер, мал дәрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлері қажет.
«Арқа ажарының» өз ақпарты.
Атбасар ауданы.