Фоат Ишмухаметовтың есімі өңірімізде вейк-парк, Бурабай курортты аймағында яхт-клуб, отбасылық демалыс үшін финдік гриль сияқты орындарды ашқан іскер кәсіпкер ретінде белгілі.
Биыл «Бурабай» ұлттық паркімен бірге «Тоболган» атты шағын рельстегі шанада сырғанау жобасын жүзеге асыруды межелеп отыр. Мұнымен қатар, кәсіпкер Зеренді ауданының Ақкөл селосы маңында құндыз өсіретін «Minkton» атты аң фермасын салып, жоғары технологиялы жабдықтар орнатты. Данияда жасалған суару қондырғысы автоматты түрде жұмыс істейді. Азық тарататын техника сатып алынды. Әрбір орында 3600 бас құндыз бағылып күтіледі. Олар жылына өз ұрпағы есебінен бес есе көбейеді. Алғашқы жартыжылдықта шетелдік аң күтушілер жергілікті мамандарды үйретті. Шетелдіктер үшін еуростандарты бойынша екі жатақхана мен кеңсе салынды. Аңдардың саны көбейгенде салынатын төрт ғимараттың іргетасы қаланды. Аң фермасы жылына 120 мың құндыз терісін өндірмекші. Сондай-ақ, «Minkton» өңірде құндыз тонын тігетін ателье және мұнда 15 жаңа жұмыс орнын ашуды межелеп отыр.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Зеренді ауданы.