Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Оқушылардың денсаулығы алаңдатады - АРҚА АЖАРЫ

Оқушылардың денсаулығы алаңдатады

Қазақстанда әрбір бесінші оқушы қандай да бір дертпен ауырады, ал әрбір үшінші әскерге шақырылушы әскерде қызмет етуге жарамсыз, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлнәр Иқсанова еліміздегі бұқаралық спортты дамыту мәселелері талқыланған Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында.

«Біз бәріміз балаларымыздың дені сау болғанын қалаймыз. Бірақ, оларды дене шынықтыру сабақтарынан босатады, балалардың компьютер ойындарымен әуестенуіне ата-ана бақылауы әлсіз, мұның бәрі шектен тыс оқу жүктемелерімен одан әрі ушыға түседі. Нәтижесінде, бүгінде мектеп жасындағы балалардың  кем дегенде 75 пайызы гиподинамияға шалдыққан», – деп атап өтті депутат.
Г.Иқсанова дәрігерлердің мәліметтерін келтірді, олардың айтуынша «тірек-қимыл аппараты ауруларының өсу үрдісі байқалып отыр». Осылайша оның сөзінше, соңғы 2 жылда сколиозбен ауыру 2 жарым есеге артқан.  
«Әр бесінші оқушы қандай да бір дертпен ауырады. Нәтижесінде, медициналық комиссияға келген әскерге шақырылушылардың тек әрбір үшіншісі ғана шектеусіз әскери қызметпен айналысуға дайын, әрбір үшіншісі қызметке жарамсыз», – деген статистикамен бөлісті Г.Иқсанова.
Сонымен қатар, ол қазақстан-дықтардың арасында зиянды әдеттердің таралуы үш жылдың ішінде төмендей бастағанына назар аударды.
«Үш жылда шылым шегу, ішімдік ішу сияқты зиянды әдеттермен әуестенуі, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар арасында төмендеген. Сондай-ақ, семіздік көрсеткіштері де аздап төмендеді. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда халықтың 26,3 пайызы жүйелі түрде спортпен айналысады, алайда мақсатты қамтуға, яғни 25 пайызға, 4 облыс Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола облысы жеткен жоқ», – деді ол.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар