Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеті тәртіптік іс қозғалған - АРҚА АЖАРЫ

Жеті тәртіптік іс қозғалған

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны  аясында  семинар өткізіліп, осы кеселдің алдын алу шаралары қарастырылды.

Семинарға Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Дархан Хайруллин,  Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сейітқали Мүлкін және ұжым қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына мемлекеттік қызметшілер арасында жемқорлықты болдырмау,  онымен күресу және алдын алу шаралары түсіндірілді. Осы орайда,  әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Дархан Хайруллин жыл басынан бері осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы кеңінен айтып берді. Оның айтуына қарағанда, жыл басынан бері облыс бойынша мемлекеттік қызметшілерге қатысты барлығы 7 тәртіптік іс қозғалған.
– Оның төртеуінде ар-намыс кодексі нормалары бұзылса, біреуі мемлекеттік қызмет саласында заң бұзушылық болып отыр. Барлық іс бойынша кінәлілер тиісті жазасын алды, – деді Дархан Хайруллин.
Сонымен қатар,  облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Жәнібек Шәмпіков сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы жөнінде баяндады. Оның сөзіне қарағанда, облысымызда ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастау алған «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды марафонына орай аталған департаментте де жүйелі және кешенді шаралар аясында тақырыптық дебат, жастар флешмобы және ашық есік күнін ұйымдастыру қолға алынған.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар