«ЭКСПО – 2017» мәдени бағдарламасы аясында 7 мыңға жуық түрлі форматтағы іс-шаралар жоспарланған.
Бұл жөнінде кеше Сенат комитетінің отырысы барысында мәдениет және спорт министрі Арыс-танбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.
«ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандан-дырылған көрмесінің кешенді мәдени бағдарламасында қазақстандық және шетелдік шығармашылық ұжымдардың, сондай-ақ, еліміздің талантты жастарының қатысуымен
7 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізу қарастырылған», – деді А.Мұхамедиұлы.
Сонымен қатар, ведомство басшысы отандық кинематография саласындағы жетістіктер жайлы мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы 5 жылда 200-ден астам қазақстандық картина әлемнің 48 еліндегі 150 кинофестивальға қатысты.
«Таяу арада Қытаймен бірге ұлы композиторлар Бақытжан Байқадамов пен Си Син Хайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Композитор» фильмін түсіру жоспарланған. Бұл ортақ жоба халықаралық деңгейге есептелген және Қазақстан мәдениетін әлемде дәріптеуге үлес қосуға негізделген», – деді министрлік басшысы.