Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тыңайтқыш өндірілуде - АРҚА АЖАРЫ

Тыңайтқыш өндірілуде

Биыл «Астана-Нан» серіктестігі мен Мәскеу қаласындағы «Август фирмасы» АҚ бірлесіп, глифосат калий тұзын және глифосат гербицидтерін өндіретін «Август-Нан» серіктестігінің кәсіпорнын ашты.

 

ТМД елдерінде теңдесі жоқ гербицидтің бұл түрі Қазақстанда тұңғыш рет өндірілуде. Жылына 20 миллион литрге дейін гербицид шығару жоспарланған. Бұл жобаға 2 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Бірлескен кәсіпорын өндіретін өнімнің өзіндік құнын азайтып, кедендік одақ елдерінің экспорттық рыногына шығуды көздеуде. Зауыт 20 литр көлемдегі өз ыдысын да өндіретінін атап өткен жөн. Қазір өндірістік желілерді қалпына келтіру, жаңа қондырғылар сатып алу және жұмыс жобасын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Өндіріс 2016 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылып, жүз жаңа жұмыс орны ашылады деп
жоспарлануда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар